13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте әлеуметтік осал топтарға құқықтық және әлеуметтік көмек көрсететін орталық жұмыс істейді

4 августа, 2025
in Жаңалықтар
0
Шымкентте әлеуметтік осал топтарға құқықтық және әлеуметтік көмек көрсететін орталық жұмыс істейді
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында отбасылар мен әлеуметтік осал топтарға жан-жақты қолдау көрсету бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Солардың бірі – қала тұрғындарына әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмек көрсететін бірегей мекеме – «Бақытты жанұя» орталығы.

Бұл орталық көпбалалы аналар, мүгедектігі бар азаматтар, жалғызбасты ата-аналар, аз қамтылған отбасылар және қиын жағдайға тап болған адамдар үшін ашық әрі қолжетімді. Мекеме қызметінің басты мақсаты – отбасы институтын нығайту, ана мен баланың құқығын қорғау және қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті азайту.

Халықпен тікелей кездесу – нақты көмек көзі

Жуырда «Бақытты жанұя» орталығының бастамасымен денсаулық сақтау саласының мамандары мен әлеуметтік сала өкілдерінің қатысуымен тұрғындарға арналған ашық кездесу ұйымдастырылды. Бұл кездесуде денсаулығына байланысты түрлі мәселелерге тап болған азаматтарға нақты бағыт-бағдар беріліп, заң шеңберінде көмектер көрсетілді.

Іс-шараға:

«Бақытты жанұя» орталығы КММ директоры Айгүл Қалымбет,

Еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті басшысының орынбасары Талғат Дауытов,

№6 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі Айгүл Сартаева қатысты.

Кездесуде қатысушыларға:

Мүгедектік рәсімдеу және мәртебе өзгерту,

Тегін дәрілік препараттармен қамтамасыз ету,

Мүгедек балаға қамқоршы тағайындау мәселелері бойынша нақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мамандар диагноз қою, медициналық анықтамаларды түсіндіру, құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсету сияқты нақты сұрақтарға толыққанды жауап берді. Қатысқан азаматтардың барлығына жеке жағдайына сәйкес кеңестер мен шешім жолдары ұсынылды.

Тұрғын үй бағдарламалары бойынша кеңес беру

Орталықта көпбалалы, жалғызбасты аналарға тұрғын үйге құжат жинау, бағдарламаға қатысу ережелері, тіркеу тәртібі сияқты бағыттар бойынша да жүйелі көмек көрсетіледі.

Жуырда «Отбасы банк» АҚ кеңесшісі Арайлым Байнеева мен орталық бөлім басшысы Шолпан Көлбаева 15-ке жуық анамен арнайы кездесу өткізіп, келесі тұрғын үй бағдарламалары бойынша ақпарат берді:

«Бақытты отбасы»,

«Шаңырақ»,

«2-10-20»,

«5-10-20»,

«Наурыз»,

«Қамқор»,

«Отау»,

«30-70-20»,

«50-50» және тағы басқа бағыттар.

Кездесу нәтижесінде кейбір аналардың құжаттарын жинау процесі басталып, орталық тарапынан құқықтық сүйемелдеу және кеңестік көмек ұсынылды.

Онлайн қолжетімді қызмет — шалғай аудандарға қолдау

Заманауи технологияны пайдалану арқылы орталық мамандары үйден шыға алмайтын, шалғай аймақта тұратын азаматтар үшін қашықтан онлайн қызмет көрсету жүйесін іске қосты. Бұл бағытта 63 адамға нақты көмек көрсетілді. Атап айтқанда:

18 адамға ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) ашып берілді;

11 азаматқа мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес берілді;

10 адам жер кезегіне тіркелді;

8 азаматқа egov.kz порталы арқылы анықтама рәсімделді;

16 адамға тұрғын үй кезегіне тіркеу бойынша ақпараттық сүйемелдеу жүргізілді.

Шымкент қаласындағы «Бақытты жанұя» орталығы – қиын жағдайдағы отбасылар мен әлеуметтік осал топтарға жан-жақты қолдау көрсететін сенімді мекеме. Мұнда мамандар тарапынан тек кеңес беру емес, құқықтық, әлеуметтік, медициналық және психологиялық көмек түрлері кешенді түрде ұсынылады.

Алдағы уақытта да орталық қызметі арқылы қоғамдағы әлсіз топтардың өмір сапасын арттыру, оларды мемлекеттік бағдарламаларға тарту және құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі жалғасатын болады.

Previous Post

Шымкентте сот орындаушылар цифрлық жобаларды қолға алды

Next Post

В Шымкенте работает центр «Счастливая семья» — правовая и социальная поддержка для уязвимых граждан

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі