13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ШЫМКЕНТ: қала тұрғындарына газды қауіпсіз пайдалану ережелері түсіндірілуде  

28 июля, 2025
in Uncategorized
0
ШЫМКЕНТ: қала тұрғындарына газды қауіпсіз пайдалану ережелері түсіндірілуде  
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Газ техникалық қызметінің инспекторлары күнделікті тұрмыстық және өндірістік мақсатта газ қолданатын азаматтарға арналған ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Шымкент қаласында газбен жабдықтау жүйелерін қауіпсіз пайдалану бойынша тұрғындар арасында жүйелі түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар газбен байланысты оқыс оқиғалардың алдын алу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған.

Газ техникалық қызметінің инспекторлары күнделікті тұрмыстық және өндірістік мақсатта газ қолданатын азаматтарға арналған ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Мамандар тұрғындарға газ жабдықтарын дұрыс орнату мен пайдалану, техникалық қызмет көрсету және төтенше жағдай кезінде қандай әрекет ету қажет екені жөнінде кеңес береді. Негізгі қауіп-қатерлер және алдын алу шаралары: Газға байланысты жазатайым оқиғалардың негізгі себептері мыналар болып табылады: Жабық немесе желдетілмейтін бөлмеде газ құралдарын қолдану (әсіресе жуынатын бөлмелерде); Газ жабдықтарын өз бетімен жөндеу немесе монтаждау; Ескірген немесе жарамсыз жабдықтарды пайдалану; Газ плитасы мен газ баллондарын қараусыз қалдыру.

Мұндай жағдайлар адамның өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді. Осыған байланысты инспекторлар келесі қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігін ескертеді: Газ жабдықтарын орнату және тексеруді тек білікті мамандарға жүктеу; Газдың иісі байқалған жағдайда дереу терезені ашып, газ көзін өшіру және 104 нөміріне хабарласу; Желдетілмейтін немесе жабық бөлмелерде газ қолданбау; Газ құралдарын қараусыз қалдырмау; Жабдықтарды уақтылы техникалық байқаудан өткізу; Ішкі газ желісіне (ВДГО) қызмет көрсететін ұйымдармен келісімшарт жасау. Газ — күнделікті өмірді жеңілдететін қуатты ресурс болғанымен, оны дұрыс қолданбау қайғылы жағдайларға әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан әрбір азамат газ қауіпсіздігіне аса жауапкершілікпен қарауы тиіс. Бұл — тек жеке бастың ғана емес, бүкіл қоғамның қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін мәселе. Байланыс ақпараттары: Газ техникалық бөлімі (WhatsApp): +7 771 165 08 49, +7 702 447 25 92 Әкімшілік бөлімі: +7 (7252) 24-75-04 Instagram: @kgu_gaztex Газ апаттық қызметі: 104

Previous Post

ШЫМКЕНТ: ​«Дарбаза» полигонында бөлімшелердің жауынгерлік атыстары басталды

Next Post

Шымкентте түнгі уақытта балалардың қауіпсіздігін бақылау бойынша құқық қорғау органдары рейд жүргізді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі