13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкентте түнгі уақытта балалардың қауіпсіздігін бақылау бойынша құқық қорғау органдары рейд жүргізді

28 июля, 2025
in Uncategorized
0
Шымкентте түнгі уақытта балалардың қауіпсіздігін бақылау бойынша құқық қорғау органдары рейд жүргізді
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында кешенді шаралар қабылданып, бақылау күшейтілуде. Шымкент қаласының аумағында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес жалпыұлттық «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ кешкі және түнгі уақытта жасалатын құқыққа қарсы әрекеттердің жолын кесу болып табылады.

Рейдтік іс-шаралар барысында қалалық Полиция департаментінің, бес аудан бойынша жергілікті полиция қызметі бөлімшелерінің, ерікті жастардың қатысуымен мейрамханалар, ойын-сауық орындары, саябақтар мен көшелерге тексеру жүргізілді. Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың, прокуратура, білім және денсаулық сақтау басқармаларының, сондай-ақ Жастар ресурстық орталығының өкілдері тартылды. Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Ұлықбек Мылтықовтың айтуынша, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында кешенді шаралар қабылданып, бақылау күшейтілуде. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, кәмелетке толмағандарға сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық мекемелерінде және компьютерлік клубтарда, ал 23:00-ден кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз қоғамдық орындарда жүруге тыйым салынған.

Рейд барысында тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандармен профилактикалық әңгімелер жүргізіп, олардың түнгі уақытта сыртта жүру себептерін анықтады. Нәтижесінде, ата-анасының қарауынсыз жүрген 12 жасөспірім Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Сонымен қатар, құқықбұзушылық жасауға бейім 10 жасөспірім және балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған 4 отбасы анықталып, олар Ішкі істер органдарының есебіне алынды. Іс-шара қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласында барлығы 154 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі тіркелді.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: қала тұрғындарына газды қауіпсіз пайдалану ережелері түсіндірілуде  

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 200-ДЕН АСТАМ ӨРТ ДЕРЕГІ ТІРКЕЛГЕН

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі