13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ШЫМКЕНТ: ​«Дарбаза» полигонында бөлімшелердің жауынгерлік атыстары басталды

28 июля, 2025
in Uncategorized
0
ШЫМКЕНТ: ​«Дарбаза» полигонында бөлімшелердің жауынгерлік атыстары басталды
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жауынгерлік атыстарды өткізу үшін бөлімшенің барлық штаттық қару түрлерінен оқ атуға мүмкіндік беретін жағдай жасалды. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының Шымкент гарнизонындағы алтыншы механикаландырылған құрамасының жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес «Дарбаза» оқу-жаттығу полигонында взвод және бөлімше командирлері санатымен бөлімшелердің жауынгерлік атыстары бойынша нұсқау-әдістемелік сабақтар өткізілді. Полигон аумағында теориялық және практикалық кезеңдерді өткізу үшін оқу орындары ұйымдастырылды. Нұсқаулық-әдістемелік сабақтар барысында офицерлер мен сержанттар жауынгерлік атыстың барлық кезеңдерін ұйымдастыру және өткізу бойынша нақты нұсқаулар алды. Әскери қызметшілер «бөлімшенің шабуыл мен қорғаныстағы іс-қимылдары», «қарсыласты оқшаулау» және «елді мекендегі ұрыс» тақырыптары бойынша практикалық іс-қимылдарды пысықтады. – Сабақтардың негізгі мақсаты – командирлер мен жеке құрамды штаттық оқ ату құралдарын қолдана отырып, ұрыс жүргізудің тиімді тәсілдеріне үйрету. Отты шебер басқару және жауынгерлік бұйрықтарды нақты жеткізу – тапсырмаларды сәтті орындаудың кепілі, – деді екінші мотоатқыштар батальонының командирі майор Азамат Куатов. Күннің екінші жартысында екінші мотоатқыштар батальонының жеке құрамы тактикалық жағдайда заңсыз қарулы құрылымдардың шабуылын тойтару бойынша іс-қимылдарды пысықтады. Жауынгерлік атыстарды өткізу үшін бөлімшенің барлық штаттық қару түрлерінен оқ атуға мүмкіндік беретін жағдай жасалды. – Бөлімшелердегі жауынгерлік үйлесімділікті арттыру мақсатында бөлімшелердің жауынгерлік атыстарын өткізу бойынша нұсқау-әдістемелік сабақтар ұйымдастырылды. Жеке құрам барлық қойылған жауынгерлік тапсырмаларды «жақсы» бағасымен орындады, – деп атап өтті бесінші мотоатқыштар ротасының командирі аға лейтенант Бегжан Ибрагим. Алдағы уақытта «Дарбаза» полигонында 54 бөлімшенің жауынгерлік атысын өткізу жоспарланған, оның 27-сі түнгі уақытта өтпек. Бұдан бөлек, 36 атыс екіжақты форматта ұйымдастырылады. Бұл өзара қарсы әрекет ету жағдайында, шынайы жауынгерлік жағдайға барынша жақын ортада бөлімше командирлерінің тактикалық шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік береді.

Previous Post

​ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ТАУАРЛАР БАҒАСЫН НЕГІЗСІЗ КӨТЕРГЕН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ӘКІМШІЛІК ШАРАЛАР ҚОЛДАНЫЛДЫ

Next Post

ШЫМКЕНТ: қала тұрғындарына газды қауіпсіз пайдалану ережелері түсіндірілуде  

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі