13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

«Құқықтық көмек» партиялық жобасы: Шымкент қаласы Жаңаталап елдімекенінде көшпелі қоғамдық қабылдау өтті  

22 июля, 2025
in Uncategorized
0
«Құқықтық көмек» партиялық жобасы: Шымкент қаласы Жаңаталап елдімекенінде көшпелі қоғамдық қабылдау өтті  
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек» жобасы аясында Шымкент қаласы Тұран ауданына қарасты Жаңаталап елдімекенінде көшпелі қоғамдық қабылдау өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, туындаған даулы мәселелерді заң аясында шешуге жәрдемдесу және тұрғындармен тікелей кері байланыс орнату.

Қабылдауға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, мәслихат депутаттары Муфтулла Қонақтаев, Талғат Балтабаев, Абзал Зейнетаев, Тұран ауданы әкімдігінің мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, адвокаттар мен сот орындаушылар қатысты.

Тұрғындар көтерген мәселелердің басым бөлігі инфрақұрылым саласына қатысты болды.

«Біздің басты мәселеміз – көшеге асфальт төселмегені. Жауынды күндері лай, жазда шаң. Осы жағдайды шешіп берсеңіздер», – деп шағымданды Қорғанжар көшесінің тұрғыны Абдухалал Ардақбаев.

Өз кезегінде «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов Қорғанжар көшесіне асфальт төсеу жоспарда бар екенін айтты.

«Жалпы, 2025 жылы қала бойынша 170 шақырым жол салынады. Нәтижесінде қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар 79%-ға жетеді. Ал 2027 жылға қарай бұл көрсеткіш 85%-дан асады. Жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылып жатыр және партия бақылауында болады», – деп жауап берді.

Сонымен қатар жергілікті тұрғын Сүлеймен Қожамқұлов елдімекенге спорт кешенін салып беруді ұсынды.

«Балалар көрші аудандарға қатынауға мәжбүр. Өзіміздің елдімекенде спортпен шұғылдануға мүмкіндік жоқ», – деді ол.

Депутат Талғат Балтабаев бұл мәселе назарға алынатынын және тиісті басқармаларға ұсыныс түсірілетінін айтты.

«2027 жылға дейін қалада 100 ашық спорт алаңының құрылысы жоспарланған. Соның 32-сі Тұран ауданына тиесілі. Бұл ұсынысты әріптестеріммен бірге қозғап, нақты шешім қабылдау үшін жұмыс істейміз», – деді депутат.

Қоғамдық қабылдау барысында көгілдір отын тарту, көше жарығы мен жол белгілерін орнату, қоғамдық көлік бағыттарын ұлғайту жөнінде де ұсыныстар айтылды. Барлық өтініштер хаттамаға енгізіліп, сала мамандарына нақты тапсырмалар берілді.

Іс-шара қорытындысында аталған мәселелердің барлығы партия бақылауында болатыны, ал тұрғындармен кездесулер алдағы уақытта да жалғасатыны айтылды.

 

Previous Post

ҚОҒАМДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫН ІЛГЕРІЛЕТУ МАҚСАТЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

Next Post

Конституция – әділеттің негізі, сот төрелігінің темірқазығы

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі