Қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында Шымкент қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Белсенді ұзақ өмір» орталығында «Әділет кеңес береді» тақырыбында ашық есік күні өтті.
Шара барысында Әділет департаменті тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат ұсынылды. Сондай-ақ халық арасында электрондық түрде көрсетілетін қызметтерді насихаттау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар азаматтардың құқықтық ақпаратқа қолжетімділігін арттыру және цифрлық трансформация аясында құқықтық кеңес беруге арналған жасанды интеллект агенті әзірленгені хабарланды. Бұл ЖИ-агент «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне және «Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесіне енгізілгені туралы орталық қызметін алушыларға мәлімет берілді.
Аталған іс-шараға Департаменттің Зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы М. Әбдезов, жеке сот орындаушы Н. Жанзақ, сондай-ақ Шымкент қаласы Адвокаттар алқасының адвокаты А. Такешов қатысып, құқықтық мәселелер бойынша бағыт-бағдар беріп, азаматтардың сұрақтарына заң аясында жауап берді.
Заңдылық пен тәртіп кез келген мемлекеттің тұрақты дамуының негізі болып табылады, мемлекеттік институттардың тиімді жұмыс істеуі мемлекеттік органдардың да, азаматтық қоғамның да заң нормаларын қатаң сақтауымен ғана мүмкін болады. Бұл құқықтық мемлекетті нығайтуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға және халықтың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға ұмтылысты көрсетеді.
«Заң және Тәртіп» қағидаты заңнаманың орындалуына мемлекеттік бақылауды күшейтуге, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыруға және іс жүзінде әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған.
«Заң және Тәртіп» қағидасына басты назар аудару мемлекеттің қауіпсіздік саясатын, оның ішінде құқық қорғау органдарын, құқықтық тәртіпті және оның тетіктерін дамытуды жалғастыратынын білдіреді.
Қоғамдық сананың белсенді трансформациясы жағдайында, оның ішінде реформалар мен цифрландырудың әсерінен азаматтардың құқықтарын қорғауға, құқықтық сананы қалыптастыруға және халықтың билікке деген сенім деңгейін арттыруға кепілдік беретін тетіктерді құру маңызды.
Осылайша, «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын заң үстемдігі қағидаттарына, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін күшейтуге, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қоғамды топтастыруға берілгендік декларациясы ретінде қарастыруға болады.
Құқықтық мемлекетте заң қарапайым азамат үшін де, мемлекеттік қызметкерлер үшін де міндетті. Бұл әрбір адамның құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін, сонымен бірге оған міндеттер жүктейтін қоғамдық келісімнің негізі. Әрбір азамат салық төлеуден бастап жол қозғалысы ережелеріне дейінгі заңнаманы сақтауы қажет.
Бизнес қауымдастық пен жеке сектор көлеңкелі экономиканы болдырмайтын ашық ережелер бойынша жұмыс істеуі керек.
«Заң және Тәртіп» принципі барлығына қатысты болуы керек, бірақ оны сақтау тек құқықтық теңдік болған жағдайда ғана мүмкін болады, сот жүйесі – тәуелсіз, полиция – әділ және мемлекеттік органдар – қолжетімді болуы керек.
Осылайша, заңдарды сақтау тұрақты және гүлденген қоғамның негізі болып табылады. Әрбір азамат өзіне және қоғамның басқа да мүшелеріне қолайлы жағдай жасау үшін өз жауапкершілігін сезініп, заңдарды сақтауы керек.




