Өткен жылдың басынан бері Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы құрылыс саласын бақылау бойынша бірқатар маңызды жұмыстарды жүзеге асырған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының 2024 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстарының есебі және 2025 жылға арналған жоспарлар туралы» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында айтылды. Жалпы, 861 құрылыс-монтаждау жұмысы туралы хабарлама тіркелген, оның ішінде 104-і бюджеттік қаражат есебінен, ал 757-сі жеке қаражат есебінен жүзеге асырылуда. Қалада құрылыс сапасын бақылау жұмыстарымен қатар, заңсыз құрылыстарға қарсы күрес күшейтілді. Құрылыс нысандарын пайдалануға қабылдау бойынша 891 өтініш қаралып, оның 284-і мақұлданды, 607 өтінішке бас тарту берілді. Сонымен қатар, 168 құрылыс нысанында 339 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Бұл құқық бұзушылықтар негізінде жалпы сомасы 106 993 134 теңгені құрайтын айыппұл салынды, оның 72 770 826 теңгесі өндірілді. Заңсыз құрылыс нысандарына 115 хаттама толтырылып, 64 265 934 теңге көлемінде айыппұл салынды, оның 42 912 276 теңгесі өндірілді. Құрылыс сапасына байланысты 36 нысан бойынша айыппұлдар салынды, жалпы сомасы 24 902 040 теңге болды, оның 16 456 590 теңгесі өндірілді. Сонымен қатар, үлестік қатысу заңнамасын бұзған 17 тұрғын үй кешеніне 17 832 360 теңге көлемінде әкімшілік хаттама толтырылды, оның 13 401 960 теңгесі өндірілді. Бұл шаралар қаладағы заңсыз құрылысқа қарсы күресті одан әрі нығайтуға бағытталған. Сонымент қатар, аталған баспасөз конференциясында газбен қамтамасыз ету қауіпсіздігі туралы да айтылды. Шымкент қаласының газтехникалық инспекциясы 2024 жылы газбен қамтамасыз ету қауіпсіздігін арттыру мақсатында түрлі іс-шаралар өткізді. 110 насихаттық іс-шара ұйымдастырылып, 102 брифинг, мақала және әлеуметтік желілерде ақпараттық жарияланымдар жасалды. Сонымен қатар, 41 жиналыс пен дөңгелек үстелдер өткізіліп, 91 300 жадынама таратылды. Бұл шаралар тұрғындар арасында газ пайдалану қауіпсіздігі туралы ақпараттандыруды күшейтуге бағытталған. Газ пайдалану қауіпсіздігі талаптарын бұзған 114 жеке тұлғаға 1 591 252 теңге көлемінде айыппұл салынды, ал 305-бап бойынша 2 заңды тұлғаға 64 610 теңге айыппұл тағайындалды. Газбен улану оқиғаларының алдын алу үшін 53 510 үйге барып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл шара барысында қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін газ құрылғылары анықталып, 2396 абонент туралы мәлімет «QazaqGazAimaq» ШӨФ-на жолданды. Қазіргі таңда қауіп төндіретін 178 үй газ жүйесінен ажыратылды. Сонымен қатар, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарында қауіпті өндірістік объектілерді жобалау құжаттамасын келісу бойынша 63 өтініш тіркеліп, оның 36-сы мақұлданды, 26 өтініш кері қайтарылып, 1 өтініш қаралуда. Бұл да газбен қамтамасыз ету қауіпсіздігін арттыру мақсатындағы тағы бір маңызды қадам болып табылады.
Сонымен қатар шаөарда заңсыз құрылыс орнына – балаларға арналған жаңа алаңша салынған. Жаңа алаңша барлық қауіпсіздік талаптарына сай жабдықталып, балалар үшін тартымды әрі ыңғайлы орта қалыптастырылды. Шымкент қаласында тұрғындар өтініштері мен ұсыныстары негізінде қоғамдық кеңістіктерді қайта жаңарту және балалар мен жастарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай атқарылып жатқан нақты шаралардың бірі. Жуырда қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің Жалын тұрғын алабындағы халықпен өткізген көшпелі кездесуі кезінде Көкжиде көшесіне балалар алаңын салу жөнінде ұсыныс айтылған болатын. Тұрғындардың бұл орынды өтініші жедел түрде қаралып, іске асыру тетіктері қолға алынды. Аталған аумақта бұрын қараусыз қалған, құрылыс нормаларына сәйкес келмейтін және заңсыз салынған құрылыс нысаны орналасқан еді. Қауіп төндіруі мүмкін бұл нысан әкімдік шешімімен бұзылып, оның орнына балаларға арналған ойын және воркаут алаңдары салынды. Жаңа алаңша барлық қауіпсіздік талаптарына сай жабдықталып, балалар үшін тартымды әрі ыңғайлы орта қалыптастырылды. Қазіргі таңда бұл нысан тұрғындардың игілігіне пайдалануға беріліп, балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік туғызып отыр. Қала әкімдігі қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және тұрғындар сұранысын ескере отырып, заңсыз нысандарды жүйелі түрде ретке келтіру жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастыра бермек. Тұрғындармен тығыз байланыс орнату, ұсыныстарын тыңдау және нақты нәтиже көрсету – әкімдіктің басты басымдығы болып қала бермек.




