13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Конституция – әділеттің негізі, сот төрелігінің темірқазығы

22 июля, 2025
in Uncategorized
0
Конституция – әділеттің негізі, сот төрелігінің темірқазығы
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл Қазақстан Республикасының Конституциясына – 30 жыл. Бұл – ел дамуының, құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуының маңызды кезеңі. 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Ата Заң – еліміздің тәуелсіздігін бекітіп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, мемлекеттік билік тармақтарының, соның ішінде сот жүйесінің конституциялық негізін айқындады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 75-бабына сәйкес, сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады, ал сот билігі тек Конституция мен заңдарға сүйенеді.

Бұл қағида Қызылорда қалалық сотының күнделікті қызметінің негізіне айналған.

Қалалық сот – азаматтық істер бойынша әділ шешім шығарып, Конституцияда бекітілген адам және азаматтың құқықтарын қорғауды басты мақсат етіп отыр. Конституциялық нормалар – әрбір судья мен сот қызметкерінің кәсіби және адамгершілік бағдаршамы.

Құқықтық мемлекет – сот арқылы көрінеді

Конституцияның 13-бабында әрбір азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқылы екені жазылған. Бұл – құқықтық мемлекеттегі басты қағидалардың бірі. Қызылорда қалалық соты соңғы жылдары ашықтық, жариялылық, қолжетімділік бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Азаматтар электронды түрде талап қоюға, құжат тапсыруға, істің барысын онлайн бақылауға мүмкіндік алды.

Медиация, татуласу рәсімдері және сотқа дейінгі реттеу жолдары кеңінен қолданыла бастады.

Азаматтардың сотқа деген сенімі артып келеді – бұл сот жүйесінің сапалы қызметінің көрсеткіші.

Конституциялық реформалар – сот жүйесінің жаңа кезеңі

Соңғы жылдары жүргізілген сот реформалары Ата Заң негізінде жүзеге асырылды. Атап айтқанда:

  • Судьяларды іріктеу жүйесі күшейтілді;
  • Жаңа әкімшілік әділет институты енгізілді;
  • Сот процестерінің сапасы мен сот актілерінің орындалуына бақылау күшейді.

Бұл өзгерістер Қызылорда қалалық сотында да оң нәтиже беріп отыр. Сот төрелігі неғұрлым әділ, кәсіби және заманауи үлгіге сай жүргізілуде.

Конституция – елдің құқықтық қазығы, ал сот – сол қағидаларды іс жүзінде орындайтын билік тармағы. Қызылорда қалалық соты 30 жылдық Ата Заң тарихында өз үлесін қосып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жолында қызмет етіп келеді.

«Конституция үстем болса – әділет орнайды. Ал әділет бар жерде – қоғамда тұрақтылық пен сенім нығаяды.»

Previous Post

«Құқықтық көмек» партиялық жобасы: Шымкент қаласы Жаңаталап елдімекенінде көшпелі қоғамдық қабылдау өтті  

Next Post

Қазақстанда күдіктіні қамауда ұстау мерзімі өзгере ме? Конституциялық сот мәлімдеме жасады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі