13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

​Шымкент гарнизонында сарбаздар ант қабылдады

10 июля, 2025
in Жаңалықтар
0
​Шымкент гарнизонында сарбаздар ант қабылдады
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент гарнизонында орналасқан 10216 әскери бөлімінің саптық алаңында көктемгі шақырылымның 35 сарбазы әскери ант қабылдау рәсімінен өтті. Жас сарбаздарды командирлер, қызметтестері, туыстары мен достары қолдап келді. Мемлекеттік Ту мен Жауынгерлік Ту астында, қолдарына қару ұстап, әскери дәстүрге сай өткен салтанатты рәсімде сарбаздар Отанға адал қызмет етуге ант берді. Әскери бөлім командирі, подполковник Дәулетбек Қоғабаев сарбаздарға арнаған құттықтау сөзінде анттың маңыздылығына тоқталып, бұл – нағыз жауынгерлік жолдың бастауы екенін атап өтті. Қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы, полковник Әбдіғабит Шегебаев та сарбаздарды құттықтап, оларды ата-бабалар жолын лайықты жалғастырып, әскери борышты абыроймен атқаруға шақырды. Одан кейін бөлім командирінің орынбасары, штаб бастығы әскери ант қабылдату туралы бұйрықты жария етті. Бір айлық бастапқы әскери дайындықтан өткен сарбаздар рәсімді жинақы, тәртіппен, әскери үлгіде орындады. Салтанатты іс-шара жауынгерлік Ту ұстаушылар тобы бастаған салтанатты саптық шерумен аяқталды.

Ант қабылдаған сарбаздардың бірі, қатардағы жауынгер Нұрасыл Айдар өз әсерімен бөлісті: – Бұл күн мен үшін өте маңызды. Біз бір айдың ішінде көп нәрсені үйрендік, жаңа ұжыммен тіл табысып үлгердік. Әскери дайындықтан өттік, атыс полигонына да бардық. Алда – әскери мамандықты меңгеру, жаттығулар мен нағыз жауынгерлік өмір басталады. Ал әлі әскерге шақырылмаған жастарға айтарым: қорқудың еш қажеті жоқ. Мұнда бәрі жақсы – тамағы да дәмді, қарым-қатынас та өте жақсы, – деді ол. Жас сарбаздар бір айлық бастапқы әскери дайындықтан өтті. Енді оларды дала шығулары, атыс жаттығулары мен оқу-жаттығулар күтіп тұр. Жауынгерлеріміздің алыс-жақыннан келген ата-аналары мен жақындары бөлім басшылығымен сұхбат жасап, көкейкесті сұрақтарына жауап алды. Айта кетейік, алдағы уақытта әскери ант қабылдаған жас сарбаздар енді Шымкент қаласындағы түзеу мекемелерін күзету бойынша жауынгерлік қызмет атқаратын болады.

Previous Post

Шымкентте тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді

Next Post

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС: Шымкенттегі шешімін күткен мәселелер назарда

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі