Шымкент қаласында қала әкімінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған «Халық заңгері» республикалық акциясы өз жалғасын тапты. Іс-шара Достық үйінде өткізіліп, оның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және тұрғындарға тегін заң көмегін көрсету болды. Акция барысында қала тұрғындары адвокаттардан, нотариустардан, прокурорлардан, сондай-ақ мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, құқық қорғау саласының өкілдерінен кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Құқықтық кеңестер тұрғын үй және жер даулары, әлеуметтік төлемдер, алимент өндіру, еңбек қатынастары, мұрагерлік және басқа да құқықтық сипаттағы өзекті мәселелер бойынша берілді. «Халық заңгері» жобасы – елімізде бірнеше жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан, азаматтарға кәсіби мамандар тарапынан тегін заң көмегін алу мүмкіндігін қарастыратын ауқымды құқықтық жоба. Оның ерекшелігі – тұрғындар ешқандай алдын ала жазылусыз, кедергісіз кеңес ала алады. Қала тұрғындары бұл бастаманы оң бағалап, осындай іс-шаралардың тұрақты негізде өткізілуі қажеттігін атап өтті. Аталған акция халық пен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайтып, қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және арттыруға елеулі үлес қосуда.
Біз сөз етіп отырған тегін құқықтық кеңес беретін «Халық заңгері» науқаны биыл жыл басынан бері Қызылорда облсында 21 мәрте ұйымдастырылған. Оған 700-ден астам өңір тұрғы қатысып, өз саласы бойынша білікті мамандардан әлеуметтік, жер, тұрғын үй қатынастары, денсаулық, ауылшаруашылық мәселелері және өзгеде өзкеті түйіндер бойынша тегін кеңес алған. Кеңес беруге өз саласының білгір мамандары танымал заңгерлер (адвокат, нотариус, сот орындаушылары,) қатысқан. Сондай-ақ, Арнайы мониторингтік топ мүшелері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері де осы науқанға қатысып, құқықтық кеңес алған.




