13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ШЫМКЕНТ: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа мәдени-ағартушылық платформаның тұсаукесері өтті

10 июля, 2025
in Uncategorized
0
ШЫМКЕНТ: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа мәдени-ағартушылық платформаның тұсаукесері өтті
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Елімізде «Әділ қоғам» атты мәдени-қоғамдық жоба басталды. Оның аясында барлық өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар ұйымдастырылады. Жоба мәдени-ағартушылық бастамалар арқылы ізгі құндылықтарды дәріптеуді көздейді.

«Әділ қоғам» жобасы өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды қалыптастыруға елеулі үлес қосуда. Жоба жастарды адалдыққа, әділдікке және «Заң мен тәртіп» қағидатын ұстануға тәрбиелеуге ықпал етеді. Мұндай бастамалар азаматтық жауапкершіліктің артуына және қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімінің нығаюына септігін тигізеді.

Шымкент қаласында «Әділ қоғам» жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдени-ағартушылық бағыттағы жаңа платформаның таныстырылымы өтті. Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы, Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері (Zoom арқылы), қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, қоғам қайраткерлері мен белсенді азаматтар қатысты. Жаңа бастама заңдық шаралармен қатар, қоғамның рухани-адамгершілік санасын жаңғыртуға бағытталған. Жобаны Агенттік, Мәдениет және ақпарат министрлігі және ЮНЕСКО жанындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығы бірлесіп жүзеге асыруда. Іс-шара барысында қоғам қайраткері Бекет Тұрғараев жемқорлықпен күресте ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтардың маңызын атап өтті. Жоба жетекшісі Анар Жаппарқұлова халық ауыз әдебиеті мен мәдени мұраны тиімді құрал ретінде қолдану қажеттігін айтты. Платформа адалдық, әділеттілік және азаматтық белсенділік қағидаттарын дәріптеуге бағытталған. Сондай-ақ, жастарды тәрбиелеу, ұлттық сана мен жауапкершілікті арттыру — негізгі мақсаттардың бірі. Қорытындысында қатысушылар әділ қоғам құру жолында рухани иммунитет қалыптастырудың маңызын ерекше атап өтті.

Previous Post

Шымкент қаласындағы ​«Ізетті зейнеткер» – еңбек ардагерлеріне қамқорлық пен тынығудың жаңа үлгісі  

Next Post

Шымкентте тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі