13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС: Шымкенттегі шешімін күткен мәселелер назарда

10 июля, 2025
in Жаңалықтар
0
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС: Шымкенттегі шешімін күткен мәселелер назарда
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы да атқарылған жұмыстарын баяндады. Шымкент қаласы әкімдігінде Қоғамдық кеңестің кезекті жоспарлы отырысы өтті. Жиын барысында кеңес мүшелері Абай ауданы әкімдігінің, сондай-ақ мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы жұмыс нәтижелерімен танысты. Отырыстың күн тәртібіне сәйкес, алдымен Абай ауданының әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы есеп берілді. Қазіргі таңда аудан аумағында 27 елді мекен орналасқан. Халық саны 257,7 мың адамды құрайды. 1274 көше мен 230 әлеуметтік нысан орналасқан ауданда ауыз су және электрмен қамту 100 пайызды, газдандыру 92,6 пайызды құрап отыр. 2024 жылы екі елді мекенге газ тартылып, газсыз елді мекен саны екіге дейін азайған. Сонымен қатар, өткен жылы 95 көшеге 4,3 млрд теңге көлемінде асфальт төселсе, биыл 100-ден астам көшеге жол салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін жақсы жағдайдағы көшелер үлесін 100 пайызға жеткізу жоспарланған. Көшелерді жарықтандыру, көгалдандыру және демалыс орындарын салу, сондай-ақ аяқ жолдарды кеңейту бойынша да бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы да атқарылған жұмыстарын баяндады. Басқармаға қарасты 22 мәдениет ұйымы арқылы 2537 қызметкер халыққа мәдени қызмет көрсетіп отыр. Жыл басынан бері 2005 мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылып, 1,5 миллионға жуық көрермен қамтылған. Сонымен бірге, мәдени нысандарға күрделі жөндеу жүргізу, кітапхана қорын толықтыру, театр репертуарларын жаңарту, музей жұмысын цифрландыру бағытында нақты істер атқарылуда. Кеңесте денсаулық сақтау саласы бойынша да ақпарат ұсынылды. Қалада медициналық инфрақұрылым жаңартылып, жаңа емханалар іске қосылған. Медициналық қызметтердің қолжетімділігі артқан. Сонымен қатар, кадр тапшылығын жою, қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту және медициналық туризмді дамыту бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Алайда отырыста кеңес мүшелері бірқатар өзекті мәселелерді де көтерді. Атап айтқанда, жол сапасы, тұрмыстық қалдықтарды шығару, балалар алаңқайларын салу және салық саласындағы қиындықтар талқыланды. Жекеменшік зертханалардағы медициналық талдау бағасының қымбаттауы да кеңес назарында болды. Бұл тұрғыда баға саясатын бақылау және қолжетімді қызмет ұсыну тетіктерін жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар берілді. Шешімін күткен мәселелер бойынша тиісті басқармалар мен құрылымдарға нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы тұрақты бақылауда болады.

Previous Post

​Шымкент гарнизонында сарбаздар ант қабылдады

Next Post

​ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЖИІ КЕЗДЕСЕТІН ҚЫЛМЫСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі