13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте жастар арасында есірткіге қарсы 100-ден астам профилактикалық іс-шара өткізілді

9 июля, 2025
in Жаңалықтар
0
Шымкентте жастар арасында есірткіге қарсы 100-ден астам профилактикалық іс-шара өткізілді
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте жастар арасында есірткіге қарсы 100-ден астам профилактикалық іс-шара өткізілді. Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрманбек Сахов айтты. Шымкент қаласы полиция департаменті “Заң мен Тәртіп” қағидаты аясында есірткі қылмыстарының жолын кесу және оның заңсыз айналымына тосқауыл қою мақсатында жүйелі жұмыс жүргізуде. Департамент қызметкерлерінің нәтижелі жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында есірткіге қатысты 286 құқық бұзушылық тіркелді. Оның 101-і қылмыс, 185-і қылмыстық теріс қылық ретінде тіркелген. Анықталған құқық бұзушылықтардың ішінде 61 — есірткі сату дерегі, 9 — аса ірі көлемде сақтау, 6 — заңсыз жарнама, 22 есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіру фактісі болды. Заңсыз айналымнан барлығы 100 келіге жуық есірткі заты тәркіленді.

Оның ішінде 60 келіден астамы – марихуана, 16 келіден астамы – синтетикалық есірткі. Синтетикалық есірткімен күресті күшейту мақсатында интернет кеңістігіне мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде есірткі саудасына қатысы бар 1001 интернет-сайт пен әлеуметтік желі парақшалары бұғаттауға жолданды. Сонымен қатар қылмыстық әрекеттерде қолданылған 1380 банк шоты анықталып, бұғатталды. Жалпы сомасы 46 млн теңгеден астам қаражаттың заңсыз айналымына тосқауыл қойылды. Синтетикалық есірткіні интернет арқылы таратудың 33 дерегі тіркеліп, оның 17-сі бойынша қылмыстық істер сотқа жолданды. Аталған істер бойынша 38 адам ұсталып, жауапкершілікке тартылды. 1 маусым мен 30 қазан аралығында Шымкент қаласында «Қарасора – 2025» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр. Операцияның алғашқы айында 29 келіден астам есірткі тәркіленді. Оның ішінде 17 келісі – сора өсімдігі, 8 келіге жуығы – синтетикалық есірткі, 5 келіден астамы – марихуана. Қала аумағында жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу бағытында да кешенді жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, оқу орындары мен жастар көп шоғырланатын орындарда 106 профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шараларға 23 мыңнан астам оқушы мен студент қамтылды. Полиция қоғамда “Заң мен Тәртіп” қағидатын нығайтуға бағытталған жұмыстарды жалғастыруда. Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері тонау, қарақшылық, бопсалау және қарыз мәселелерін шешумен айналысқан топтың заңсыз әрекетін тоқтатты. Тергеу барысында ұйымдастырушы өзінің сенімді адамдарынан қылмыстық топ құрып, қарақшылық шабуыл немесе ұрлық жасау мақсатында үлкен сомада ақша қаражаты болуы мүмкін жерлерді үнемі талдап жүргені анықталды. Сонымен қатар ол түнгі клубтардың бірін бақылауына алып, «қорғағаны» үшін заңсыз түрде ай сайын 2,5 млн теңгеге дейін алып отырған. Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде қылмыстық топ ұйымдастырушысы мен оның жақын сыбайласы ұсталып, қамауға алынды. Тінту кезінде олардан қару мен патрондар тәркіленді. Сондай-ақ қылмысқа қатысы бар бес тұлға анықталды, олардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Іс-шара прокуратураның үйлестіруімен жүргізілді.

Previous Post

Шымкентте әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету шаралары нәтижесін беруде

Next Post

СОТ САРАПТАМАСЫ САЛАСЫНА СЕРПІН ҚАЖЕТ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі