13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкентте әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету шаралары нәтижесін беруде

9 июля, 2025
in Uncategorized
0
Шымкентте әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету шаралары нәтижесін беруде
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2025 жылдың алғашқы жартысында Шымкент қаласында бәсекелестік ортаны бұзатын әрекеттерге қарсы нақты шаралар қабылданды. Бұл туралы бүгін, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент бойынша департаментінің басшысы – Қосбаев Ернар Тұрдалыұлы мәлімдеді. ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің қалалық департаменті тарапынан жүргізілген тергеп-тексерулер нәтижесінде бірнеше айқын заң бұзушылық анықталып, айыппұлдар мен жазалау шаралары қолданылды. Атап айтқанда, «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы лицензиясыз және табиғи монополиялар субъектісі ретінде тіркелмей, 2021–2024 жылдар аралығында электр энергиясын тасымалдауға байланысты шарт жасағаны үшін 14,6 млн теңге айыппұл арқалады. Іс қазіргі таңда сот қарауында. Сонымен бірге, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС өзіне сенімгерлікпен басқаруға берілген желілер арқылы интернет желісін тарату қызметінде қосымша ақы алып, өзінің монополиялық жағдайын теріс пайдаланған. Бұл дерек бойынша департамент тиісті ықпал ету шараларын қабылдап, мәселені оң шешуге қол жеткізді. Ұн нарығында бағаны келісіп көтеру деректері бойынша алты бірдей компанияға қатысты тергеп-тексеру жүргізіліп, үш компания — «Grain House-555», «Санжар» және «Pioneer Grain Products» ЖШС — бәсекелестікке қарсы келісім жасағаны үшін 26,6 млн теңгеден астам айыппұлмен жазаланды. Монополист компаниялар арасындағы тағы бір ірі дау — «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ-ның 1755 тұтынушыдан заңсыз артық төлем алу әрекеті. Бұл жағдай соттарда қаралып, екі сатылы соттың шешімі департамент пайдасына шықты. Қазіргі кезде іс Жоғарғы соттың қарауында. Монополияға қарсы органның өкілдері БАҚ арқылы мемлекеттік сатып алу процесіне қатысатын кәсіпкерлерге адал бәсекелестікті сақтау қажеттігін еске салып, жосықсыз тәсілдерден бас тартуға шақырды.

Previous Post

​ШЫМКЕНТТЕ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

Next Post

Шымкентте жастар арасында есірткіге қарсы 100-ден астам профилактикалық іс-шара өткізілді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі