13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

​ШЫМКЕНТТЕ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

9 июля, 2025
in Жаңалықтар
0
​ШЫМКЕНТТЕ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент бойынша департаментінің басшысы – Қосбаев Ернар Тұрдалыұлы төмендегідей мәлімдеме жасады. Шымкент қаласындағы бәсекелестікті қорғау және дамыту бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында ерекше белсенділікпен жүргізілді. ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті үш негізгі бағыт бойынша — бәсекелестікті бұзылу белгілерінің алдын алу, қорғау және дамыту бойынша нақты шаралар қабылдаған. Алдын алу шаралары аясында департамент мамандары 5 тауар нарығы мен 25 мемлекеттік кәсіпорынға мониторинг жүргізді. Сонымен қатар, 21 тауар нарығы мен жартысынан астамы мемлекеттік үлестегі 19 кәсіпорынға талдау жасалды. Бұл нарықтардың ішінде отын-энергетика кешеніне қатысты 14, байланыс саласына 2, ал қалған 5-і түрлі бағыттағы нарықтарды қамтыған. Нарықтағы тәртіпті бұзған субъектілерге қатысты тергеп-тексеру жұмыстары да назардан тыс қалмады. Мәселен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының сұйытылған мұнай газын үлестіру ісіндегі қайталанған заң бұзушылықтары анықталып, бұл дерек Шымкент қаласының экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданды. Сондай-ақ, «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен бірқатар ұн өндіруші кәсіпорындардың заңға қайшы келісімшарттары мен баға келісімдері бойынша да тексерулер жүргізіліп, бірнеше серіктестікке айыппұл салынды. Олардың қатарында «Grain House-555», «Санжар» және «Pioneer Grain Products» ЖШС бар. Монополияға қарсы заңнаманы бұзу деректері анықталған тағы бір маңызды іс — «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ-ның Шымкент өндірістік филиалының 1755 тұтынушыға негізсіз қайта есептеу жүргізіп, артық төлемдер ұсынуы. Бұл мәселеге қатысты соттарда департаменттің пайдасына шешім шығарылып, іс қазіргі уақытта Жоғарғы сотта қаралуда.

Previous Post

Жыл басынан бері 1,7 миллионнан астам азамат ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-ларда электронды талондарды пайдаланды

Next Post

Шымкентте әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету шаралары нәтижесін беруде

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі