13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«QH МҮГЕДЕКТІГІ БАР БАЛАЛАРДЫ ҮЙДЕ ОҢАЛТУ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОҢ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛДІ

8 июля, 2025
in Жаңалықтар
0
«QH МҮГЕДЕКТІГІ БАР БАЛАЛАРДЫ ҮЙДЕ ОҢАЛТУ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОҢ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛДІ
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Инновациялық құрылғыларды қолдану үшін мүгедектігі бар балалардың «жеке оңалту парағында» қажетті құрылғы туралы ақпарат көрсетілген. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай жұмыс сапарымен Шымкент қаласына келді. Сапар барысында вице-министр «Қазақстан халқына» қорының демеушілігімен мүгедектігі бар балаларға үй жағдайында оңалту мақсатында уақытша пайдалануға берілген техникалық құрылғылардың оң нәтижесін көрсеткен балалардың тұсаукесеріне қатысты. Іс-шараға «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева, «Әлеуметтік қорғау саласын дамыту ұлттық ғылыми орталығы» бас директоры Қанат Тезекбаев, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Руслан Тұңғышбаев, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. 2024 жылдың тамыз айынан бастап Шымкент қаласы мен Абай, Қызылорда және Павлодар облыстарында «QH Мүгедектігі бар балаларды үйде оңалту» пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл жоба аясында инновациялық техникалық оңалту құралдары мүгедектігі бар балаларға беріле бастады. «Қазақстан халқына» қорының демеушілігімен Ұлыбританиядан әкелінген құрылғылар Шымкент қаласына жеткізіліп, 202 құрылғының 152-сі тірек-қимыл аппараты бұзылған 18 жасқа дейінгі балаларға таратылды. Инновациялық құрылғыларды қолдану үшін мүгедектігі бар балалардың «жеке оңалту парағында» қажетті құрылғы туралы ақпарат көрсетілген. Ерекше балалардың аналары арнайы оқу курстарынан өтіп, құрылғыны дұрыс пайдалануды үйренген соң, олар құрылғыларды үй жағдайында қолдануға алатын болды. Жоба іске қосылғаннан бері он ай ішінде 84 балада оң өзгерістер байқалды. Оның ішінде 4 бала толығымен сауығып, 18 бала алғашқы қадамдарын басып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Вице-министр Виктория Шегай мен басқа да мәртебелі меймандар балалардың тұсауын кесіп, олардың алғашқы қадамымен құттықтап, бұл сәтті қуанышпен қарсы алды. Ата-аналар өз балаларының өздігінен жүре бастағанын көріп, ерекше қуанышқа бөленіп, Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» қорына шынайы алғыстарын білдірді. Жоба аясында мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау мен инновациялық техникалық құралдар балалардың өмір сапасын жақсартуға, олардың әлеуметке толыққанды бейімделуіне ықпал етуде.

Previous Post

​ШЫМКЕНТТЕ АРДАГЕРЛЕРГЕ ТЕГІН ШИПАЖАЙ ЖОЛДАМАЛАРЫ БЕРІЛЕДІ

Next Post

ШЫМКЕНТ: ​ҚАЛА АУМАҒЫН ЛАСТАҒАН ТҰЛҒАЛАР ЗАҢ АЯСЫНДА ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛУДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі