13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

​ШЫМКЕНТТЕ АРДАГЕРЛЕРГЕ ТЕГІН ШИПАЖАЙ ЖОЛДАМАЛАРЫ БЕРІЛЕДІ

8 июля, 2025
in Uncategorized
0
​ШЫМКЕНТТЕ АРДАГЕРЛЕРГЕ ТЕГІН ШИПАЖАЙ ЖОЛДАМАЛАРЫ БЕРІЛЕДІ
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл Шымкент қаласының зейнеткерлеріне «Денсаулық» шипажайы, Түркістан облысы Сайрам ауданындағы «Ақсу демі», Жетісайдағы «Күлпаршын», Жамбыл облысындағы «Айша-Бибі» шипажайы және Шымкенттегі мемлекеттік «Ізетті зейнеткер» сауықтыру кешеніне жолдамалар ұсынылуда. Шымкент қаласында еңбек ардагерлерін сауықтыру мақсатында тегін шипажай жолдамалары қарастырылып отыр. Бұл туралы бүгін, Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек мәлімдеді. Қалалық мәслихаттың шешімімен жүзеге асатын бұл әлеуметтік қолдау зейнеткерлерге кезек тәртібімен беріледі. Ол үшін тұрғындар geo-shym.kz сайты арқылы онлайн түрде кезекке тіркеліп, өз орнының жылжуын қадағалай алады. Қазіргі уақытта шипажай кезегіне 26 мыңнан астам зейнеткер тіркелген. Жыл сайын шамамен 7 500 жолдама бөлінетіндіктен, әр зейнеткерге орта есеппен 2,5–3 жылда бір рет сауықтыру қызметін тегін алу мүмкіндігі беріледі. Биыл Шымкент қаласының зейнеткерлеріне «Денсаулық» шипажайы, Түркістан облысы Сайрам ауданындағы «Ақсу демі», Жетісайдағы «Күлпаршын», Жамбыл облысындағы «Айша-Бибі» шипажайы және Шымкенттегі мемлекеттік «Ізетті зейнеткер» сауықтыру кешеніне жолдамалар ұсынылуда. Айрықша атап өтерлігі, «Ізетті зейнеткер» кешені Бозарық шағынауданындағы жаңа ғимаратқа көшкелі бері қызмет ауқымын кеңейтіп, зейнеткерлерді қабылдау мүмкіндігін арттырды. Бұрынғы ғимарат 70 орынға лайықталған болса, қазіргі жаңа кешен бір уақытта 120 адамға дейін қабылдай алады. Жыл басынан бері аталған кешеннен 836 зейнеткер сауықтыру емін алған. Оның ішінде 11 наурыздан бастап жаңа ғимаратта 558 ардагерге қызмет көрсетілген. Жаңа орталық заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған: емдік ванна, циркулярлық душ, ультракүлгін сәулемен емдеу (УФО), ультрадыбыстық терапия (УЗТ, УЗЧ), биапрон, тұз шахтасы, электротерапия және радиус құрылғылары зейнеткерлердің денсаулығын нығайтуға қызмет етеді. Мемлекеттік қолдау аясындағы бұл шаралар қала ардагерлерінің өмір сапасын арттырып, олардың белсенді әрі сау өмір сүруіне жағдай жасайды.

 

Previous Post

Шымкентте 134 азамат қайтарымсыз грантқа ие болды

Next Post

«QH МҮГЕДЕКТІГІ БАР БАЛАЛАРДЫ ҮЙДЕ ОҢАЛТУ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОҢ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі