13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Жаңа кәсіпорындар ашу бойынша меморандум жасалды

1 июля, 2025
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Жаңа кәсіпорындар ашу бойынша меморандум жасалды
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жоба 3 кезеңмен жүзеге аспақ. Түркістан облысында замануаи жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Түркістан облысында замануаи индустриалды аймақ және Мақтаарал ауданындағы «Атамекен» кеден бекеті маңында жүзеге асырылуы жоспарланған «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығында өндірістік жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Жаңа бастаманы жүзеге асыру бойынша Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен қытайлық инвестор Чжоу Дань келіссөздер жүргізген болатын. Сол келіссөз нәтижесінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков пен қытайлық инвестор арнайы меморандумға қол қойды. Меморандум аясында «Түркістан» арнайы экономикалық аймағының индустриалды паркін салу жобасы жүзеге аспақ.

Жоба ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, өндірісті, сатуды және қызмет көрсетуді біріктіретін заманауи интеллектуалды индустриялық кластер құруға бағытталған. Жобаны Орталық Азияда энергетикалық жабдықтар, энергия үнемдейтін жарықтандыру құрылғылары, құбырлар мен клапандар, тұрмыстық тауарлар және тағы басқа өнімдер өндіретін жетекші өндірістік база мен технологиялық инновация орталығына айналдыру көзделуде.

Жоба 3 кезеңмен жүзеге аспақ. Инвесторлар өндіріс қуаттылығын кезең-кезеңмен іске қосу, нарықты кеңейту, отандық брендті дамыту жоспарда бар екенін жеткізді. Сонымен қатар аймақта металлургия саласындағы терең өңдеу, тоқыма бұйымдарын өндіру және электрондық коммерцияға бағытталған логистикалық қойма, өндірістік зауыттар, кедендік қоймалар, кеңсе және тұрмыстық инфрақұрылым нысандарын салу жоспарлануда. Жоба арқылы Орталық Азия аумағында жоғары технологиялы өндіріс пен халықаралық сауда орталығын қалыптастырып, Түркістан облысының өнеркәсіптік дамуына және экономикалық өсіміне ықпал ету көзделуде.

 

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Облыс әкімі Сенат және Мәжіліс депутаттарымен кездесті

Next Post

Төтенше жағдайларға қарсы дайындық- Түркістан өңірінде жүйелі жүргізілуде

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі