13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Төтенше жағдайларға қарсы дайындық- Түркістан өңірінде жүйелі жүргізілуде

2 июля, 2025
in Жаңалықтар
0
Төтенше жағдайларға қарсы дайындық- Түркістан өңірінде жүйелі жүргізілуде
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы – табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жиі орын алатын өңірлердің бірі. Ауданның географиялық жағдайы, ауа райының құбылмалылығы, су арналарының көптігі, жол-көлік инфрақұрылымы мен орман-дала аумақтарының болуы төтенше жағдайлар қаупін арттырады. Осыған байланысты облыс әкімдігі мен Төтенше жағдайлар департаменті жыл сайын алдын алу шараларын жүйелі түрде ұйымдастырып келеді.

Жыл басынан бері облыс аумағында түрлі жағдайларда 39 адамның суға кету дерегі тіркелсе, оның 16-ы жас балалар. Биыл 1 841 рет рейд жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде судағы қауіпсіздік қағидаларын бұзған 129 жеке тұлғаға айыппұл салынды. Бұл туралы брифингте Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Оразгелді Дүйсен мәлімдеді.

«Облыс әкімдігінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі «Түркістан облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерін белгілеу туралы» №89 Қаулысына сәйкес шомылуға арналған 27 орын белгіленген. Биыл шомылу орнын 70-ге арттыру жоспарлануда. Шардара суқоймасындағы жеке жағажайлар, Ордабасы ауданындағы коммуналдық жағажайлар өз жұмыстарын бастап кетті. Қазіргі таңда облыс аумағындағы жалпы каркасты бассейндер саны 233-ке жетіп отыр. Жеке кәсіпкерлердің бассейндерінде балаларды және көпбалалы отбасылардың балаларын тегін шомылдыру, жүзуге үйрету мақсатында 54 меморандумға қол қоя отырып, бір мезетте 6 000-нан астам бала тегін шомылуда»-деп баяндады сала басшысы.

Сонымен қатар, брифингте аталған депатармент бастығының міндетін уақытша атқарушы Жасұлан Қуатбекұлы өңірдегі өрт ахуалына тоқталды.

«Облыс аумағында 478 елді мекен аумағында өртке қарсы минералды жолақ жасау жұмыстары атқарылып, құрғақ шөптерден тазартылды. Сондай-ақ, 37 маусымдық өрт сөндіру бекеттерін құру жоспарланып, бүгінгі таңда 25 бекет құрылды. Биыл жыл басынан орманды жерлерде 173 гектар алқапты шарпыған 2 өрт тіркелді. Сонымен қатар, облыс аумағында 124 елді мекен орман қоры аумағына шекаралас орналасқан. Олар Түлкібас, Қазығұрт, Төлеби, Отырар, Арыс, Ордабасы, Кентау, Шардара аудандарында. Аталған аудандарда арнайы топтар құрылып, қазіргі таңда күнделікті тексеріс жұмыстары жүргізілуде» — деді спикер.

Түркістан облысында төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында кешенді жұмыстар атқарылып келеді

Алдын алу – апаттың алдын алудың ең тиімді жолы. Осы орайда, халықтың өз қауіпсіздігіне деген жауапкершілігі мен сақтық мәдениетін арттыру – ең маңызды қадамдардың бірі.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Жаңа кәсіпорындар ашу бойынша меморандум жасалды

Next Post

Түркістан облысының экономикасы өрлеп келеді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі