13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Облыс әкімі Сенат және Мәжіліс депутаттарымен кездесті

1 июля, 2025
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Облыс әкімі Сенат және Мәжіліс депутаттарымен кездесті
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қабылданған жаңа Заңдар, өңірді дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты. Түркістан облысына ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары жұмыс сапарымен келді. Түркістан облысына ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Әли Бектаев, Мұрат Қадырбек, Алишер Сатвалдиев, Ұласбек Сәдібеков, Қайрат Балабиев, Кенжеғұл Сейтжан және Нұрсұлтан Байтілесов жұмыс сапарымен келді. Халық қалаулыларымен Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров кездесіп, қабылданған жаңа Заңдар, өңірді дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты.

– Тарихи Түркістанға қош келдіңіздер. Өңірді дамытуда өздеріңіздің қолдауларыңызды сезініп жүрміз. Биыл «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң қабылданды. Ол үшін ел атынан алғысымды білдіремін. Жартыжылдықты қорытындылап жатырмыз. Барлық аудан, қаланы аралап, елдің тілектерін тыңдадық. Қорыта келе газ, ауыз су мәселесін түбегейлі шешу, әлеуметтік нысандар салу, инфрақұрылымға қатысты мәселелерді шешумен қатар бизнеске қолайлы жағдай жасауды басым бағытқа қойып отырмыз. Шағын және орта кәсіпкерлікті өркендету, өндіріс орындарын ашу, индустриалды аймақтар мен шағын өндірістік парктерді дамытуға күш салудамыз. Мақсатымыз – жұмыс орындарын ашу және облыстың өзіндік кірісін ұлғайту. Бұл ретте сіздермен бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз, – деді Нұралхан Көшеров. Кездесуде депутаттар еліміздегі саяси реформалар, Президенттің бастамалары, жаңадан қабылданған Заңдар туралы ой-пікірлерін айтып, алдағы жоспарларын таныстырды. Бюджетті қалыптастыру, қуаңшылық мәселесі, ауыл шаруашылығындағы түйткілдер, инфрақұрылымды жақсарту, кәсіпкерлікті дамыту, инвестиция тарту, Бәйдібек ауданын экологиялық аймаққа енгізу, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мәселелері де көтерілді. Халық қалаулылары Түркістан облысын дамыту жұмыстарына оң бағасын беріп, елдің әлеуетін көтеру бағытында бірлесе іс атқаруды жалғастыратындарын жеткізді.

Previous Post

1 шілдеден бастап Шымкентте кезекші ХҚКО - лардың мекенжайлары өзгереді

Next Post

ТҮРКІСТАН: Жаңа кәсіпорындар ашу бойынша меморандум жасалды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі