13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

А.Жылқыбаева: «Мүмкін сіздің перзентіңіз әлем чемпионы шығар?!»

12 февраля, 2021
in Жаңалықтар
0
А.Жылқыбаева: «Мүмкін сіздің перзентіңіз әлем чемпионы шығар?!»
Share on FacebookShare on Twitter

«Мүмкін Сіздің перзентіңіз әлем чемпионы шығар?!» – деген жас бапкер ата-аналарға балаларын спортпен айналысуына жағдай жасаса, сенімдері сөзсіз шындыққа айналады деген пікірде. Он жеті жылдан бері самбо күресімен шұғылданып, айтарлықтай жетістікке жеткен түркістандық Айжан Жылқыбаева спорттағы жетістігі мен жеке өміріне қатысты айтты.

Айжан самбо күресімен 2-сыныптан бастап айналысып келеді. Осы күнгі аралықта балуан самбодан Қазақстанның 11 дүркін чемпионы, 5 дүркін Азия чемпионы атанып үлгерген. ҚР-ның әйелдер арасындағы ұлттық құрамасына да енгеніне 3 жылдан асқан. Әлемдік рейтингте 48 келі салмақ бойынша үздік үштіктің сапында. Әлемнің 3 рет күміс жүлдегері атануы да спортшының табандылығы мен төккен терінің нәтижесі.

Самбошы қыз 2017 жылы Түркіменстанның астанасы Ашхабад қаласында жабық кешенде өткен V жазғы Азия ойындарында алтыннан алқа тақса, 2018 жылы Индонезияның астанасы Джакарта қаласында өткізілген XVIII жазғы Азия ойындары кезінде ел қоржынын қола медальмен толықтырды. Самбодан ҚР спорт шебері.

«1995 жылдың 24 қаңтарында дүние есігін ашқанмын. Жанұяда бес жанбыз. Әкем Аманжол, анам Жанар, үлкен ағам Ерлан және кіші сіңілім Жасмин. Қаламыздағы А.Байтұрсынов атындағы №1 жалпы орта мектебін бітіріп, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің спорт факультетіне оқуға түстім. Жоғарғы оқу орнын 2016 жылы ойдағыдай аяқтап, Ә.Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде самбо күресінің бапкері болып жұмыс жасаудамын», – деді ол.

Әпкесі Мөлдір Бейсембаеваның ықпалымен спорт әлемінің әліппесімен танысқан самбошы қыз бүгінгі таңда сіңілісі Жасминді де спортқа баулуда. Ал, осындай дәрежеге жетуін ардагерлер арасында самбодан 5 дүркін әлем чемпионы, Халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы Әбсадық Халиллаев бапкерінің еңбегі деп біледі.

Нұртас Мұхтарұлы

«Түркістан облысы бойынша жауынгерлік өнер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкенттік жас сарбаздар даңқты генералдың ерлігін насихаттауға арналған Республикалық байқауда бақ сынауда

Next Post

Ә. Бибарыс: «Қазақ күресінен «қазақстан барысы»  атанамын»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі