13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік жас сарбаздар даңқты генералдың ерлігін насихаттауға арналған Республикалық байқауда бақ сынауда

11 февраля, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік жас сарбаздар даңқты генералдың ерлігін насихаттауға арналған Республикалық байқауда бақ сынауда
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Қорғаныс министрлігінің Шымкент қаласындағы «Жас ұлан» мектебінде Кеңес Одағының Батыры, даңқты қолбасшы, генерал-майор Сабыр Рахымовқа арналған «Батырлыққа толы өмір» атты республикалық ғылыми-танымдық онлайн-байқауы өтуде.

Байқау студенттердің әскери өмірге деген қызығушылығын, «Темір генерал» Сабыр Рахымовтың тәжірибесі, ерлігі мен батырлық жолы мысалында патриотизм сезімін дамытуға, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы шайқастарының мысалында болашақ отан қорғаушыларды әскери іске еліктеуін арттыруға бағытталған.

Онлайн-байқауға «Жас ұлан» республикалық мектептерінің тәрбиеленушілері, «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық сыныптарының, «Назарбаев Зияткерлік мектебінің», «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының оқушылары қатысуда.

Онлайн-байқау үш номинациядан тұрады: «Батырлар мәңгі есте қалады», «Әскери дайындық – мағыналы тактика» және шығармашылық жұмыс. Байқау барысында қатысушылар даңқты генералдың өмірбаяны мен жауынгерлік жолын тарихи шыншылдықпен және көркем стильде ашуы тиіс.

Байқауға қатысушыларды арнайы құрылған қазылар алқасы бағалайды, оның құрамына жазушы және мәдениеттанушы Бердалы Оспан, Шымкент қаласындағы Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Серғали Рысбаев, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің тарих ғылымдарының доценті Құрманғали Оразбаев, сондай-ақ Шымкент қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» мұғалімі Бекжан Көпбосынов кірді.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзЖас ұланСабыр РахимовШымкент гарнизоны
Previous Post

Әскери колледждің шәкірті атанғыңыз келеді ме?

Next Post

А.Жылқыбаева: «Мүмкін сіздің перзентіңіз әлем чемпионы шығар?!»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі