13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ә. Бибарыс: «Қазақ күресінен «қазақстан барысы»  атанамын»

12 февраля, 2021
in Жаңалықтар
0
Ә. Бибарыс: «Қазақ күресінен «қазақстан барысы»  атанамын»
Share on FacebookShare on Twitter

«Қазақ күресінен Қазақстан Барысы атанамын» — деген түркістандық Әбдіғани Бибарыстың арманы асқақ. +100 келі салмақта белдесіп жүрген балуанның сондай-ақ самбо күресінен ересектер арасында Әлем және Азия чемпионы боламын деген жоспары бар. Бұлай деуінің өзіндік себебі де жоқ емес. Түркістанның мақтанышы 2020 жылы Атырау қаласында Самбо күресінен ересектер арасында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы атанған.

«Мен күреске 10 жасымнан бастап қатыстым. Өйткені қазақша күрес, самбо және дзюдо күрестеріне деген қызығушылығым бала кезімде оянды. Спортқа келгеніме өкінбеймін. Өмірімді спортсыз елестете де алмаймын. Қазақ спорты тарихында есімімді өшпестей етіп қалдырғым келеді. Болашақта Жақсылық Үшкемпіров секілді даңқты балуан боласам мен үшін арман бар ма?! Және ол қолымнан келетініне сенемін»,- деді балуан.

Жетістігі туралы тағы тоқтала кетсек. Ол Самбо күресінен 2017 Сербия елінде жастар арасында әлем чемпионы, 2018 Грузия елінде Әлем чемпионатынын күміс жүлдегері. Бұл Бибарыстың тек самбо күресіндегі жеңісі. Ал, қазақ күресі мен дзюдо күресіндегі жетістігі де ауыз толтырып айтарлықтай.

Айта кетейік, Бибарыс 1999 жылы 14-ақпанда Түркістан қаласында дүниеге келген. Ата-анасының үмітін ақтап отырған спортшы әпкесі мен інісі үшін нағыз батыр. Спорт саңлағының әрбір жеңісі мен жеткен жетістігін отбасы мүшелері мақтан етеді.

Нұртас Мұхтарұлы

«Түркістан облысы бойынша жауынгерлік өнер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің баспасөз қызметі

 

 

Previous Post

А.Жылқыбаева: «Мүмкін сіздің перзентіңіз әлем чемпионы шығар?!»

Next Post

ҚР ИИДМ аппарат басшысы тағайындалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі