13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бала құқығын қорғау және ата-аналардың жауапкершілігі

19 июня, 2025
in Жаңалықтар
0
Бала құқығын қорғау және ата-аналардың жауапкершілігі
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы бұл жылы тарихимаңызды оқиғаны —Конституциясының 30 жылдығын атап өтуде. 1995 жылдың 30 тамызында бүкіл халықтық дауыс беру арқылы қабылданған АтаЗаңымыз демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудың берік негізіне айналды.

Қазақстан Конституциясында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға ерекше назар аударылады. Баланың қамқорлық пен қаражат алу құқығы кепілдендірілген.

Қазақстан Конституциясының 27-бабында айқын көрсетілген: «Балалар мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу — ата-ананың етене құқығы әрі міндеті». Осы контексте ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларын қаржылай қамту міндеті — тек моральдық қана емес, сонымен қатар конституциялық борыш болып табылады.

Алименттерді ерікті түрде немесе сот шешіміарқылы мәжбүрлеп те алуға болады. Ерікті жағдайда ата-аналар нотариалды куәландырылған келісім жасасып, онда ай сайынғы төлем сомасы мен тәртібінкөрсетіледі. Қарама-қайшылықтар туындағанда немесе бір ата-ананың алимент төлеуден бас тартқан жағдайында екінші ата-ана сотқа жүгінуге құқылы. Сот алиментті борышкердің табысына қатысты пайызбен немесе белгіленген бекітілген сомаменөндіру туралы шешім шығарады.

Сот билігі Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады. Соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады (ҚР Конституциясының 76-бабы).

Әрі қарай атқарушылық парағы сот орындаушысына жіберіледі. Сот орындаушысының міндеті — борышкерге хабарлау және сот актісін орындау үшін бірқатар шаралар қолдану. Ең алдымен, алимент төлеушінің жұмыс орны мен жалақы деңгейі, сондай-ақ басқа да табыстары анықталады. Ай сайынғы сома жалақыдан 50%-дан аспайтындай етіп ұсталынады.

Бүгінгі күні елімізде алимент өндіру туралы атқарушылық іс жүргізу қозғалған 300 мыңнан астам борышкер бар. Олардың 96%-дан астамы ер адамдар. Алимент бойынша істердің көп болуына байланысты ЖСО әрдайым берешекті толық өндіре алмауда, сонымен қатар борышкерлер де өздерінің табыстары мен мүліктерін жасырумен әлек.

Алимент төлеу міндеттемесі орындалмаған жағдайда сот орындаушысы қарыз алушының мүлкіне және банк шоттарына тыйым салуы, сонымен қатар Қазақстан Республикасынан шығуға уақытша шектеу қоюы мүмкін.

Прокуратура бастамасы бойынша алимент төлеу міндетін орындамай жүрген борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту жұмысы жандандырылуда. Жыл басынан 516 қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, 226 борышкерге қатысты сот үкімі шықты. Сот борышкерлерге қатысты бостандықтан айыруға дейін жазалар қолданылуда.

Бұл балалардың құқықтарын қорғау және бұзылған әділеттілікті қалпына келтіру бойынша жүйелі жұмыстың нәтижесі.

Қазақстанда алименттерді өндіру прокуратура органдарының, әділет және жеке сот орындаушылары палатасының басым бағыты болып қала береді.

Балаларға деген қамқорлық — ата-ананыңжауапкершілігінен басталады. Алимент төлеу — тек заңмен көзделген міндет емес, әр ата-ананың моральдық борышы.

Балалар — тек қуаныш пен өмір мағынасы ғана емес, сонымен қатар біздің мемлекетіміздің болашағы.

 

Шымкент қаласының жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының басшының орынбасары А.Т. Есимова

Previous Post

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН АКЦИЯ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЖАҢА МӘДЕНИ НЫСАНДАР БОЙ КӨТЕРУДЕ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі