13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЖАҢА МӘДЕНИ НЫСАНДАР БОЙ КӨТЕРУДЕ

19 июня, 2025
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЖАҢА МӘДЕНИ НЫСАНДАР БОЙ КӨТЕРУДЕ
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде мәдениет нысандарын көбейту және халықтың мәдени демалысқа қолжетімділігін арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Келес ауданында мәдениет саласын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінде ауданда 8 мәдениет үйі мен 11 клуб тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді.

Былтыр аудандағы Ошақты ауылдық округіне қарасты Жиделі елді мекенінде 75 орындық жаңа мәдениет үйі салынып, пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта Жүзімдік ауылдық округінде жаңа мәдениет үйінің құрылысы басталып, қарқынды жүргізілуде. Алпамыс батыр, Біртілек және Ұшқын ауылдық округтерінде мәдениет үйлерін салу бағытында дайындық жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ, 4 елді мекенде жаңа мәдени нысандардың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылды. Бұл жобалар жүзеге асқанда, ауыл тұрғындарының мәдени өмірі жаңа деңгейге көтерілмек.

Одан бөлек, биыл Абай ауылында аудандық мұражай салу жоспарланған. Аталған жоба үшін арнайы жер телімі бөлініп, мемлекеттік акті алынды. Бүгінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Әлеуметтік нысандардың құрылыс барысы бақылауда болады.

Ал Төлеби ауданына қарасты Ханарық елді мекенінде стратегиялық маңызы бар жаңа көпір ел игілігіне берілді. Құрылысы 2018 жылы басталғанымен, мердігер мекеменің салғыртығынан құрылысы ұзаққа созылған нысанның ашылу салтанатына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Ермек Сұлтанқұлов арнайы қатысып, тұрғындарды құттықтады. Сонымен қатар аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов тұрғындарға жүрекжарды лебізін білдіріп, көпірдің маңыздылығына тоқталды.

–Ханарық елді мекеніндегі көптен күткен, көпір құрылысын аяқтап, ел игілігіне тапсыру үшін жиналып отырмыз. «Бұл көпір – тек өткел емес, сенім көпірі, бірлік пен татулықтың символы. Нысан ауылдың ғана емес, бүкіл өңірдің дамуына оң әсер етеді деп сенеміз, – деген аудан басшысы игі іске атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді.

Облыстық бюджет есебінен бөлінген қаржыға ұзындығы 42 метр, ені 10 метр көпірдің құрылысын мердігер мекеме «АВС Group KZ» ЖШС жүргізді. Көпір Ханарық елді мекеніндегі 250 тұрғын үй мен 2 мыңға жуық азаматқа арналған.

 

Previous Post

Бала құқығын қорғау және ата-аналардың жауапкершілігі

Next Post

ТҮРКІСТАН: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі