13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН АКЦИЯ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

19 июня, 2025
in Uncategorized
0
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН АКЦИЯ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында қоршаған ортаны қорғау мен тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өз жалғасын тапты. Іс-шараны «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы ұйымдастырды.

Табиғатты аялау мен қаланы таза ұстау мақсатында өткен акцияға партияның қалалық және аудандық филиалдарының қызметкерлері, «Жастар рухы» жастар қанатының мүшелері және коммуналдық қызмет өкілдері белсене қатысты. Жалпы саны 70-ке жуық қатысушы Қаратау ауданы аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын қоқыстан тазартып, шөптерді шабу, қауіпті бұтақтарды кесу секілді жұмыстар атқарды. Бұл жұмыстар тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкент қаласында өткізілген осындай экологиялық сенбіліктерге 2000-нан астам азамат атсалысқан. Нәтижесінде 17 тоннадан астам тұрмыстық және құрылыс қалдықтары арнайы полигондарға шығарылды.

Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында қолға алынған. Жобаның басты мақсаты — тек қана қоршаған ортаны тазарту емес, сонымен қатар қоғамда табиғатқа жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыру.

Осындай игі істер арқылы экологиялық тәрбие мен ортаға деген жауапкершілік жастар арасында да кеңінен насихатталуда.

#AMANAT

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Индустриалды аймақтар мен өндірістік парктердің жұмысы жандана түсті

Next Post

Бала құқығын қорғау және ата-аналардың жауапкершілігі

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі