13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында терроризмге қарсы комиссиясының кезекті мәжілісі өтті

4 июня, 2025
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында терроризмге қарсы комиссиясының кезекті мәжілісі өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Департаменттердің басшылары және аудан, қала әкімдері қатысты. Түркістан облысы әкімінің төрағалығымен Түркістан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының кезекті мәжіліс отырысы өткізілді. Жиынға облыстық терроризмге қарсы комиссияның мүшелері мен құзырлы органдардың басшылары, тиісті департаменттердің басшылары және аудан, қала әкімдері қатысты. Комиссияның белгіленген жұмыс жоспарына сәйкес, терроризм мен экстремизмнің алдын алу шараларын ұйымдастыру барысындағы өзекті мәселелер туралы тиісті мемлекеттік органдар мен қала, аудандағы жауапты тұлғалардың есебі тыңдалып, оңтайлы шешімдер мен жүйелі шараларды үйлестіру мәселесі талқыланды. Атап айтқанда, қазіргі таңдағы жастардың жат ағымдарға қарсы иммунитетін қалыптастыру, кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі мәселелері сөз болды. Сонымен бірге экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүйесін дамытудың жолдары талқыланды.

«Экстремизм мен терроризм бүгінгі таңда ең өзекті мәселе болып отыр. Саясатта белгілі бір бағыт ретінде экстремизм радикалды көзқарастарды жүзеге асырудың түрлі әдістерін ұстанады. Ол мемлекеттің тұтастығына, қоғамның бірлігіне қатер төндіріп, зорлық-зомбылықпен, фанатизммен, өздерінің принциптерін қорғай алмайтынымен, ымыраға келмеуімен сипатталады. Өзінің қауіпті тәжірибесінде экстремизм терроризммен тығыз байланыста.

Оның ішінде діни экстремизмнің орны бөлек. Діни экстремизм көп жағдайда саясатпен бірігіп, қоғамды тұрақсыздандыруға бағытталған және ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін құрал. Әлемде болып жатқан жағдайлар қазіргі кезеңде қоғамға тек жай экстремизм ғана емес, әсіресе діни экстремизм өте үлкен қауіп төндіретінін көрсетіп отыр. Оның экстремизмнің басқа түрлерінен айырмашылығы, мемлекеттік құрылымдарды күшпен өзгертуге және билікті жаулап алуға, мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзуға қарсы адамдардың діни ілімдері мен символдарын маңызды фактор ретінде пайдалана отырып, сенім мен діни наным үшін аяусыз күресуге бағытталады.

Тәуекел топтар арасында профилактикалық шараларды жандандыру және ДДА идеологиясына қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру мәселесі және оны шешу жолдары да сарапталды. Мәжіліс соңында мемлекеттік органдармен жүргізіліп отырған жүйелі жұмыстар мен талдау нәтижелерінің облыс аумағындағы ахуалдың тұрақтылығына әсері баяндалды. Жоспарлар бекітіліп, жауаптыларға міндеттер жүктелді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫ ІС-ШАРАЛАРДЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА

Next Post

ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ: УНИВЕРСИТЕТТЕ САЛА МАМАНДАРЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі