13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ: УНИВЕРСИТЕТТЕ САЛА МАМАНДАРЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

4 июня, 2025
in Жаңалықтар
0
ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ: УНИВЕРСИТЕТТЕ САЛА МАМАНДАРЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облсындағы жоғарғы оқу орындарында Террористік тұрғыда осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптар мен салалық нұсқаулықтарды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 

Айта кетейік, ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылы 4 қазанда №476 бұйрығымен Ғылым және жоғары білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөнінде нұсқаулығы әзірленген.

Осыған сәйкес, университетімізде техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және терроризм актісін жасау қаупі туындаған кезде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің, оқытушы-профессорлар құрамы, студенттердің іс-қиыл Алгоритмі дайындалған. Осы қауіпсіздік нұсқаулықтарын таныстыру мақсатында тиісті құзырлы мемлекеттік органдардан топ құрамы жиын өткізді.

Іс-шара модераторы – Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов болды.

Ал, жиын спикерлері: ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің ТҚО бөлімінің өкілі Бексұлтан Түймебай, Түркістан облысы Терроризмге қарсы іс-қимыл  жөніндегі тобының инспекторы Ғани Байсариев, Түркістан облысының Полиция Департаменті, Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Ермек Сәрсенбаев, Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері Уайс Полат өз салалары бойынша тың ақпараттар берді.

Түркістан облысының Полиция департаменті, Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Ермек Сәрсенбаев: «Терроризм – қазіргі таңдағы өте өзекті мәселе. Өздеріңіз күнделікті әлеуметтік желілерден көріп жүргендей террорлық іс-әрекеттер орын алып жүр. Мысалы, соңғы жаңалықтың бірі Алматы әуежайында ер адамның әйел адамды кепілдікке ұстауын айталық. Азаматша дер кезінде құтқарылды. Бұл қоғамдық ортада күтпеген жерден орын алған оқиғаның бір мысалы еді. Сол сияқты, қауіп-қатерлер біз ойламаған тұста орын алуы мүмкін. Сондықтан, көпшілік шоғырланған орталарда, білім ошақтары сияқты мекемелерде қауіпсіздік шараларына үлкен мән берілуі тиіс»,-деді.

Жиында университеттің ішкі қауіпсіздік шараларынан бастап, студенттер мен қызметкерлердің іс-қимыл алгоритмі, террорлық қауіптің алдын алу шаралары сөз болды. Сондай-ақ, өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекет, алғашқы көмек шаралары талқыланды.

Қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, жауаптар алды.

Previous Post

Түркістан облысында терроризмге қарсы комиссиясының кезекті мәжілісі өтті

Next Post

ОРДАБАСЫ: АУДАНДА НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ АКЦИЯ БАСТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі