13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР АЛҒЫСҚА КЕНЕЛДІ

4 апреля, 2025
in Uncategorized
0
БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР АЛҒЫСҚА КЕНЕЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. «Ардагерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында олар 77 жастағы қала тұрғыны Айтбай Дүйсебаев Әжібекұлының үйіне барып, көмек қолын созды.

Жастар қарияның ауласын жиналып қалған қоқыстан тазартып, жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасады. Бұл игі іс ардагердің тұрмысын жеңілдетуге бағытталды. Өз кезегінде Айтбай Әжібекұлы көмек көрсеткен жастарға ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

Шараға жетекшілік еткен «Жастар рухы» жастар қанатының жетекшісі Бекзат Төлебай бұл бастаманың әлеуметтік желідегі ақпарат арқылы қолға алынғанын атап өтті. Ол сондай-ақ, жастардың қайырымдылық бағытындағы жұмыстары мұнымен шектелмейтінін, алдағы уақытта да мұқтаж жандарға көмек көрсетуді жалғастыратынын айтты.

Осындай игі істер қоғамдағы үлкендерге деген құрметтің көрінісі ғана емес, сонымен қатар жастардың жауапкершілік пен жанашырлық қасиеттерін нығайтуға ықпал етеді. «Жастар рухының» белсенділері алдағы уақытта да қайырымдылық шараларын ұйымдастыруды жалғастырмақ.

#AMANAT

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА БЕЙСЕНБІ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Next Post

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ШЫМКЕНТТЕ МОБИЛЬДІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі