13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА БЕЙСЕНБІ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

4 апреля, 2025
in Uncategorized
0
ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА БЕЙСЕНБІ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Таза бейсенбі» экологиялық іс-шарасы өтті. Бұл акцияға мәслихат депутаттары, партияның қалалық және аудандық филиалдарының қызметкерлері, «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері, коммуналдық мекеме жұмысшылары мен оқу орындарының студенттері қатысты. Жалпы, 300-ден астам адам және 10-нан аса арнайы техника қатысып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Акция бұл жолы Тұран ауданындағы Орманов пен Диваев көшелерінің қиылысында өтті. Сол маңдағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына тазалау жұмыстары жүргізілді. Тазалық шарасында 300 дана ағаш көшеті отырғызылды. Сонымен қатар, 250 метр ирригациялық арықтар мен 1000 метр жаяу жүргіншілер жолдары тазаланып, ауладағы ағаштар әктелді. Одан бөлек, ойын алаңдары мен қоршаулар сырланды.

«Таза бейсенбі» экологиялық акциясы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жобасы аясында әр бейсенбі күні тұрақты түрде ұйымдастырылады. Бір жыл ішінде акцияға 4 мыңнан астам азамат қатысып, қала аумағынан 50 тоннаға жуық қоқыс шығарылған.

Шараның басты мақсаты — қаланың тазалығына үлес қосу, жергілікті тұрғындардың туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру және олардың патриоттық сезімдерін ояту. Экологиялық акцияның арқасында Шымкент қаласының экологиясы жақсарып, тұрғындар арасында қоғамдық сананың жоғарылауына ықпал етілуде.

#AMANAT

Previous Post

ПРЕЗИДЕНТ: ЕЛІМІЗДЕ ІРІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Next Post

БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР АЛҒЫСҚА КЕНЕЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі