13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ШЫМКЕНТТЕ МОБИЛЬДІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

15 апреля, 2025
in Uncategorized
0
«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ШЫМКЕНТТЕ МОБИЛЬДІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Қоғамдық қабылдау бөлмесінің ұйымдастыруымен «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында Тұран ауданына қарасты Қазығұрт шағын ауданында мобильді қоғамдық қабылдау өтті.

Іс-шараға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, фракция жетекшісі Қайрат Имашев, партияның Тұран аудандық филиалының төрағасы Абзал Зейнетаев, мәслихат депутаты Муфтулла Қонақбаев, бірнеше қалалық басқарма қызметкерлері, аудандық әкімдік пен құқық қорғау саласының өкілдері қатысты.

Қабылдау барысында тұрғындар әлеуметтік, инфрақұрылым, тұрғын үй, жер қатынастары және құқықтық мәселелер бойынша өз өтініштерін білдірді. Жалпы саны 40-тан астам азаматтың шағымы мен ұсыныстары тыңдалды. Көтерілген мәселелердің бірқатарына сол мезетте жауап беріліп, нақты шешімдер қабылданды. Ал күрделі сұрақтар заң аясында қарастырылып, тиісті мекемелерге жолданды.

Азаматтар өздерін толғандырған мәселелердің шешім табуына атсалысқан мамандарға ризашылықтарын білдіріп, партия тарапынан ұйымдастырылып отырған мұндай қоғамдық қабылдаулардың өзектілігі мен тиімділігі жайында оң пікірлерін жеткізді.

#AMANAT

Previous Post

БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР АЛҒЫСҚА КЕНЕЛДІ

Next Post

ӘЛЕМДІК КӨШБАСШЫ КОМПАНИЯ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТОҢАЗЫТҚЫШ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ АШТЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі