13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

«ЖАСТАР РУХЫ» ҚАРТ АНАҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

19 февраля, 2025
in Uncategorized
0
«ЖАСТАР РУХЫ» ҚАРТ АНАҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының өкілдері игі істің бастамашысы болды. Олар Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы қарсаңында «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында қарттарға қолдау көрсетіп, құрмет білдіру мақсатында бірқатар қайырымдылық шараларын ұйымдастырып келеді.

Осы жолы белсенді жастар Зугра Ирсалиева әжейдің үйіне барып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Олар қарт ананың үйі мен ауласын ретке келтіріп, қураған ағаштардан тазартып, өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауға көмектесті. Ардагерлерге құрмет көрсету – қоғамның басты міндеттерінің бірі екендігін ескерген жастар мұндай шаралардың алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

«Бұл – біздің аға буынға деген алғысымыз бен құрметіміздің көрінісі. Олар бізге бейбіт өмір мен жарқын болашақ сыйлады. Біз олардың ерлігін ұмытпай, әрдайым қолдау көрсетіп отыруымыз керек», – деді жастар қанатының белсендісі.

Қайырымдылық шарасына қатысқан жастар ардагер әжеймен әңгімелесіп, оның естеліктерін тыңдады. Өз кезегінде Зугра Ирсалиева жастардың қолдауына ризашылығын білдіріп, батасын берді. Мұндай шаралар ұрпақтар сабақтастығын нығайтып қана қоймай, жастардың бойында патриоттық сезімді оятады.

«Жастар рухы» алдағы уақытта да ардагерлерге көмектесуді және түрлі әлеуметтік жобалар аясында қайырымдылық іс-шараларын өткізуді жалғастырмақ.

Previous Post

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ШЫМКЕНТТЕ 1,3 МЛН ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНДЫ

Next Post

ТАБИҒАТ ЖАНАШЫРЛАРЫ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі