13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТАБИҒАТ ЖАНАШЫРЛАРЫ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ

20 февраля, 2025
in Uncategorized
0
ТАБИҒАТ ЖАНАШЫРЛАРЫ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ
Share on FacebookShare on Twitter

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен кезекті рет «Таза бейсенбі» экологиялық шарасы өтті. Қалалық және аудандық филиалдардың қызметкерлері мен «Жастар рухы» жастар қанатының өкілдері атсалысқан акцияға жалпы 70-ке жуық азамат қатысты.

Бұл тазалық шарасы Әл-Фараби ауданы Сәуле мөлтек ауданында ұйымдастырылды. Қатысушылар көше бойында шашылған қоқыстарды жинап, тазарту жұмыстарын жүргізді. Бұл шараның басты мақсаты – қала аумағында экологиялық жағдайды жақсарту, тұрғындардың тазалыққа деген жауапкершілігін арттыру.

«Таза бейсенбі» акциясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бастау алған «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында өткізіледі. Бейсенбі күндері тұрақты түрде өтетін бұл шараның мақсаты экологиялық жауапкершілік пен тазалықты насихаттау. Бір жылға жуық уақыт ішінде 3,6 мыңнан астам адам қатысып, 40 тоннадан астам қоқыс қала аумағынан шығарылды.

Қалалық және аудандық деңгейде осындай экологиялық акциялар тұрақты түрде өткізілуде, тұрғындардың белсенді қатысуы қала тазалығын сақтауға үлкен үлес қосуда.

 

Previous Post

«ЖАСТАР РУХЫ» ҚАРТ АНАҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Next Post

«Заң мен тәртіп»: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет теміржол көлігіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын талқылады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі