13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы мен «Еңбек мобильдігі» орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Іс-шара Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына орай ұйымдастырылған «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында өтті. Іс-шараға қала әкімінің орынбасары С. Құранбек, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, мәслихат депутаты және «Кедергісіз келешек» партиялық жобасының амбассадоры Алина Дубинина, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ж. Утебаева, сондай-ақ сала мамандары қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – қала тұрғындары мен жас мамандарға мемлекеттік қызметке орналасудың тәртібін түсіндіру, бос орындарды таныстыру, сондай-ақ Солтүстік өңірге қоныс аудару бағдарламасын кеңінен түсіндіру болды. Жәрмеңкеде жоғары білімді жұмыс іздеп жүрген тұрғындар мен жастар үшін түрлі жұмыс орындары ұсынылды. Жәрмеңкеге ЖОО-ның бітіруші студенттері, пробация қызметі есебінде тіркеуде тұрған азаматтар, мүгедектігі бар және борышкер адамдар қатысты. Оларға мамандардан кеңестер беріліп, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпараттар ұсынылды. Жәрмеңке барысында 140 жұмыс беруші мекемеден 1 100-ден астам тұрақты бос орындар ұсынылды. Сонымен қатар, уақытша жұмыс орындары бойынша 227 мекемеден 1 500-ден астам бос орындар ашылды. Нәтижесінде 400-ге жуық адам қатысып, оның ішінде: • 128 адам тұрақты жұмыс орындарына; • 34 адам субсидияланатын жұмыс орындарына; • 20 адам пробация қызметінде тіркеуде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін квота бекітілген жұмыс берушілерге тұрақты жұмысқа жолданды. Қалған жәрмеңкеге қатысушыларға қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, мемлекеттік қайтарымсыз гранттар алу және Солтүстік өңірлерге қоныс аудару бойынша кеңестер берілді. Бұл іс-шара «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында еңбек нарығын дамытуға, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге және азаматтарға жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтуге зор үлес қосып отыр.

14 февраля, 2025
in Жаңалықтар
0
Share on FacebookShare on Twitter

Previous Post

Шымкентте бизнес және экономика министрлігінің өкілдері кездесті

Next Post

Мектепте өткен ерлік сабағы

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі