13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте бизнес және экономика министрлігінің өкілдері кездесті

13 февраля, 2025
in Жаңалықтар
0
Шымкентте бизнес және экономика министрлігінің өкілдері кездесті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында жергілікті бизнес өкілдерінің ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергеновпен кездесуі өтті. Жиынның негізгі тақырыбы – алда қолға алынатын салық реформаларын, соның ішінде қосымша құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесін көтеруді талқылау болды. Кездесуге, сонымен қатар, әкімдіктің, мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері және мәслихат депутаттары қатысты.

Кездесуді ашқан Кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова Президент салық жүйесіндегі өзгерістерді әзірлеу кезінде бизнестің пікірін ескеруді тапсырғанын еске салды.

Үкіметтің ұсыныстары туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов баяндады.

«Қазақстандағы ҚҚС мөлшерлемесі әлемдегі ең төмен мөлшерлеменің бірі саналады. ҚҚС табыстың маңызды көзі болып табылатынына қарамастан 2022 жылы ол жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) тек 4 пайызын құрады, бұл салыстырмалы кіріс деңгейі 7% болатын елдер бойынша орташа көрсеткіштен әлдеқайда төмен. Қосымша құн салығын нығайту кірісті арттырып қана қоймай, құбылмалы мұнай кірістеріне тәуелділікті азайтады және елдің инфрақұрылымы мен индустрияны дамыту бағдарламасын қаржыландыруға сеп болады», – деді вице-министр.

Мемлекеттік органдар ҚҚС-тың жалпы мөлшерлемесін 16%-ға дейін ұлғайтуды, ал кейбір салалар үшін төмендетілген мөлшерлемені 10% мөлшерінде енгізуді ұсынып отыр Дегенмен, бұл салалардың нақты тізбесі әлі нақты айқындалмаған. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді салықтан толығымен босату жоспарлануда. Денсаулық сақтау саласы үшін салық жүктемесін азайту да қарастырылуда.

Кездесу барысында кәсіпкерлер өңірдегі бизнес-қоғамдастықтың атынан сұрақтар мен ұсыныстар айтты. Олар салық жүктемесінің артуына алаңдаушылық білдіріп отыр.

Нақты айтқанда, Шымкент қалалық Өңірлік кеңестің мүшесі, «Керемет-Оңтүстік» бөбекжай-балабақшасы» ЖШС басшысы Диана Караманова әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелерді ҚҚС-тан босатуды немесе қызметтердің қолжетімді болуы үшін салықтық жеңілдіктер беруді ұсынды. Ал «Шымкент қаласы мен Түркістан облысының жеке клиникалар қауымдастығының» басшысы Әнуарбек Маймақов медицина саласы бойынша 10% -20% ҚҚС мөлшерлемесін енгізу ұсынысы медициналық көмектің қолжетімділігін қиындатуы мүмкін екенін атап өтті.

Кәсіпкерлер палатасы жанындағы салалық кеңестің мүшесі Дәулет Қанашаев ҚР Салық және кәсіпкерлік кодекстеріне өзгерістер енгізу кезінде жеңіл өнеркәсіптің ерекшелігін ескерудің маңыздылығын атап өтті. Атап айтқанда, ол қызметкерлердің орташа жылдық саны 500 адамнан асқан жағдайда ғана ірі кәсіпкерлік санатына ауысуды белгілеуді, ал орташа жылдық табыс көрсеткіштерін өзгеріссіз қалдыруды ұсынды.

Кездесу барысында басқа да көптеген кәсіпкер сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.

Барлық сұраққа жауап берген Бауыржан Құдайбергенов жиынды қорытындылай келе барлық ұсыныс жинақталып, талданатынына, алдағы жұмыс барысында ескерілетініне сендірді.

Previous Post

Шымкентте генерал Сабыр Рақымовты еске алды

Next Post

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі