13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мектепте өткен ерлік сабағы

15 февраля, 2025
in Жаңалықтар
0
Мектепте өткен ерлік сабағы
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының №129 орта мектебінде кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 36-жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Ерлік сабағын мектеп басшылығы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының алтыншы механикаландырылған құрамысының қолдауымен ұйымдастырды.

Іс-шараға Ауғанстан соғысының ардагерлері, Шымкент қаласы бойынша «Қарулы күштер ардагерлері» кеңесінің төрағасы, отставкадағы полковник Серікбай Оңбаев, ардагерлер ұйымдарының өкілдері, әскери бөлімнің әскери қызметшілері, сондай-ақ «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық сыныптарының оқушылары мен мектеп басшылығы қатысты.
Салтанатты кездесу ХХ ғасыр тарихындағы ең ұзақ атанған әскери қақтығыс туралы баяндайтын бейнеролик көрсетуден басталды. Ауғанстан Демократиялық Республикасында өзінің интернационалдық борышын абыроймен орындаған ардагерлерге әскери қызметшілер мен мектеп оқушылары атынан құттықтау мен алғыс сөздері жеткізілді.
Ардагерлердің өскелең ұрпақпен тәрбие жұмысына ерекше көңіл бөлінді. Қатысушылар жастарды патриоттық тәрбиелеуге, өз тәжірибелерімен бөлісуге және тарихи оқиғаларда жадымызда сақтауға қосып жүрген үлестерін атап өтті.
Іс-шара соңында «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық сыныптарының оқушылары мен механикаландырылған құрама оркестрінің әскери қызметшілері дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты. Оқушылардың орындауында интернационалист-жауынгерлердің ерлігіне арналған әндер мен өлеңдер айтылды, ал музыкалық нөмірлер олардың батырлық жолының маңыздылығын атап өтті.
Бұл ерлік сабағы мектеп оқушылары үшін бейбіт өмірдің бағасы мен Отан алдындағы борышын өтеу маңыздылығын еске салып, жүректерінде патриотизм мен өз халқының тарихына деген құрмет сезімін нығайта түскені сөзсіз.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Previous Post

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Next Post

Әскери колледж тәрбиеленушілерімен ерлік сабағы өткізілді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі