13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Тамақтан уланудың алдын алу

23 декабря, 2024
in Денсаулық
0
Тамақтан уланудың алдын алу
Share on FacebookShare on Twitter

Тамақтан уланудың алдын алу үшін тамақтанар алдында қолды жуу керек. Көгеріп кеткен, қышқыл иісі бар күдікті өнімдерді, герметикалығы бұзылған консервіленген өнімдерді және қақпағы ісінген консервілерді пайдалануға болмайды. Көкөністер, жемістер мен жидектерді қолданар алдында жақсылап шайыңыз. Пісіру алдында жұмыртқаларды сабынды-сода ерітіндісінде өңдеп, ағынды сумен шайыңыз. Шикі етті турағаннан кейін пышақтарды, кесу тақтасын мұқият жуыңыз, санитарлық гигиенаның басқа ережелерін сақтаңыз.
Сондай-ақ, сауда желісінен тамақ өнімдерін сатып алғанда, өнімнің дайындалған күніне және сатудың соңғы мерзіміне, сыртқы түріне, түсіне, иісіне, консистенциясына, қаптаманың тұтастығына, өнімнің қандай жағдайда сақталатынына (тез бұзылатын өнімдер белгілі бір температуралық сақтау режимдерін талап етеді) назар аударыңыз. Сақтау шарттары сақталмаған стихиялық сауда орындарында азық-түлік сатып алуға болмайды.
Егер адам тамақтан уланған болса, уланудың алғашқы және жиі кездесетін көріністері әлсіздік, жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, диарея, суық тер, терінің бозаруы, дене температурасының жоғарылауы болған жағдайда дәрігерге қоңырау шалу керек. Жедел жәрдем келгенге дейін алғашқы көмек көрсетуге тырысу керек, яғни ағзадан у қоздырғыштары мен қалған өнімдерді жедел шығару. 3-4 стакан жылы қайнаған су ішіп, құсу рефлексін қоздырып, асқазан тазарғанша бірнеше рет қайталаңыз.
Тамақтан уланудың профилактикасы:
Қауіпсіз тамақ өнімдерін таңдаңыз.
Тамақты дайындау технологиясын сақтаңыз.
Пісірілген тамақты бірден пайдаланыңыз.
Азық-түліктерді мұқият сақтаңыз.
Алдын ала дайындалған тамақты мұқият қыздыру керек.
Шикі және піскен тамақ өнімдерін қатар сақтамаңыз.
Қолыңызды жиі жуып тұрыңыз.
Ас үйді таза ұстаңыз.
Таза суды пайдаланыңыз.
10.Тамақты жәндіктер мен кеміргіштерден аулақ сақтаңыз.
Ас ішу арқылы өзімізге керекті витамин, белок секілді органикалық заттарды тұтынамыз. Бірақ тағамдарымызды пайдаланбас бұрын оның сапасына, құрамына, пайдалану мерзіміне қараған жөн.
Нышанов Нұрбек Садықбекұлы
ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы

Previous Post

Тағам өнімдерінің таңбалануы туралы

Next Post

Көкжөтел ауруының алдын алу

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі