13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Көкжөтел ауруының алдын алу

24 декабря, 2024
in Денсаулық
0
Көкжөтел ауруының алдын алу
Share on FacebookShare on Twitter

Көкжөтел – интоксикация көріністерімен сипатталатын, өзіне тән қалшылдаған жөтел және құсу ұстамалары болатын жоғарғы тыныс алу жолдарының катаральдық көріністерімен қоса жүретін, ауа-тамшы жолы арқылы берілетін антропонозды жіті респираторлық бактериялық инфекция. Қоздырғышы –Bortodella pertussis, сыртқы ортада төзімсіз, жоғары температурада, күн сәулесі және дезинфекциялаушы ерітінділерде тез өледі.
​Көкжөтел вакцинамен басқарылатын инфекциялар қатарына жатады. Инфекция жұқтырғаннан кейінгі 10-14 күннен кейін дами бастайды. Ауру бірнеше даму сатысынан өтеді. Катаральды кезеңде суық тиюге ұқсас белгілер байқалады, яғни, дене ыстығының көтерілуі, мұрыннан су ағу, түшкіру мен құрғақ жөтел. Келесі сатысында ауру спазматикалық жөтелмен қарқынды түрде дами бастайды. Жөтел науқасты әсіресе түнгі және таңғы уақыттарда мазалайды. Шулы ысқырықты сырыл естіледі. Жөтел ұстамалары ауаны жұтусыз басталып, дем алғанда көмей ысқырығымен аяқталады. Оттегінің жетіспеуінен бет қызарып ісінеді. Нәрестелерде спазматикалық жөтел тыныс алудың тоқтап қалуымен бірге жүреді, жалпы құрысу орын алуы мүмкін. Ауыра бастағанда қақырықтың жоғары тұтқырлығына байланысты бронх жеткіліксіздігі байқалады. Балаларда көкжөтелдің белгілері орта есеппен 4-6 апта бойы белсенді болады. Емдеу кезеңі 3-4 айға дейін созылады, бұл кезде қалдық жөтел бірте-бірте басылады. Аурушаңдық балалар арасында көп кездеседі. Көкжөтелмен бір рет ауырған бала қайталап ауырмайды, өйткені аурудан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады. Көкжөтел ауруы асқынған жағдайда пневмонияға, плеврит, бронхит, лимфа түйіндерінің қабынуы, отит ауруыларына әкелуі мүмкін. Кешіктіріп қаралып, әсіресе өткізіп алған кезде болжам қолайсыз болады.
Көкжөтел ауруының алдын алу
-Көкжөтел ауруына қарсы екпе алу;
-Ауру белгілері пайда болған жағдайда дер кезінде дәрігерге қаралу;
-Әрдайым жеке бас гигиенасын сақтау
-Үй-жайларды жиі – жиі желдетіп тұру;
-Адам көп жиналған жерге мүмкіндігінше (ойын — сауық шараларына,
жиналыстарға, кездесулерге) барудан бас тарту.
Искаков Аскар Бекболатұлы
ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы орынбасары

Previous Post

Тамақтан уланудың алдын алу

Next Post

Кәсіпкерлер палатасында қосымша құн салығын қайтару туралы талқыланды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі