13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Тағам өнімдерінің таңбалануы туралы

23 декабря, 2024
in Денсаулық
0
Тағам өнімдерінің таңбалануы туралы
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі заманда өнім түрі де, мөлшері мен олардың сорттарының саны да өте көп. Олардың арасынан керегін іздеу, тұтынушыға оңай тимесі анық.
Алайда, қарапайым тұтынушыға сапалы және пайдалы өнімдерді таңдауды үйрену әбден мүмкін. Ол үшін таңбалау қолданылатын өнімнің жапсырмасын оқи білу керек. Таңбалау тамақ өнімдері туралы ақпаратты қамтиды және жазулар, суреттер, белгілер, рәміздер, өзге де белгілер түрінде жазылады.
Тұтынушылардың тамақ өнімдері туралы дұрыс ақпаратқа құқықтарын іске асыруды қамтамасыз етуге қатысты тұтынушыларды адастыратын әрекеттердің алдын алу мақсатында Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы №881 шешімімен «Тамақ өнімдері оны таңбалау бөлігінде» Кеден одағының техникалық регламенті әзірленді және бекітілді.
Осы Кеден одағының техникалық регламентінде тамақ өнімдерін таңбалау бөлігінде қойылатын талаптар белгіленген. Тамақ өнімдерінің таңбалауында өнімнің атауы және оны өндіруші, құрамы, саны, дайындалған күні, тамақ өнімдерін сақтау шарттары болуы тиіс. Бұдан басқа, құнарлығы, ақуыз, майлар және көмірсулардың мөлшері, жарамдылық мерзімі, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісі «ЕАС» көрсетілуі керек.
Қажетті ақпарат міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде болуы тиіс. Бұл азық-түлікті таңбалаудың маңызды міндеттері. Сонымен қатар, тамақ өнімдерін таңбалануы түсінікті, оқуға оңай, сенімді және тұтынушыларды адастырмауы қажет.
Нышанов Нұрбек Садықбекұлы
ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 2 МЫҢ ОРЫНДЫҚ ТАҒЫ БІР МЕКТЕП АШЫЛДЫ

Next Post

Тамақтан уланудың алдын алу

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі