Әйел адаммен ер адамның арасындағы теңдік мәселесі бойынша, Zertteu Research Institute ұйымдастырған «Gender in Tender» жобасы өткізілді.
Жобаның стратегиялық
мақсаттарының бірі — әйелдердің экономикалық құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейте отырып,
көптеген салада теңдікке жол ашу.
Қазақстанда гендер теңдігін орнатуға ықпал жасау.
Осы мақсаттарға жету үшін ұйым
«Gender in Tender» жобасын іске асыруда.
Zertteu.kz мәліметі бойынша жоба мемлекеттік сатып алу саласында гендер теңдігіне қол жеткізу мүмкіндіктерін зерттеп талдауға арналған. Бұл жоба гендер теңдігі принциптеріне сай келетін кәсіпкерлік пен бизнесті қолдауға қосымша құрал деп қарастырылған. Жоба Қазақстандағы АҚШ
бас консулдығының қолдауымен жүзеге
асырылып жатыр.
Форум мен мақсаттары жайлы.
Форумда жоба нәтижелері таныстырылып, Қазақстанның мемлекеттік және жеке секторына барынша инклюзив сатып алуларды ендіруге
арналған нақты идеялар талқыланады.
Негізгі қорытындыдан көретініміз — сатып алу мен өнім беру тізбегінде әйелдер иелік ететін кәсіпорындар жайлы ақпарат жоқ, әйелдер
иелік ететін кәсіпорындар ұшырасатын гендерге қатысты проблемалар бар.
Сонымен бірге форумда Қазақстанда қолдануға болатын ең үздік халықаралық практикалар талқыланады. Біз бұл ақпарат мемлекеттік
және жеке құрылымдарға пайдалы болады деп үміттенеміз. Өйткені гендер теңдігіне жағдай жасалған сатып алулар тұрақты дамуға жол
ашып, экономика дамуына оң ықпал етуі мүмкін,— деп мәлімдеді zertteu.kz.
Форумда спикерлер әйелдер мен ерлер арасындағы теңдікті әлеуметтік мәселеден бастап саяси тақырыптардыда қозғады.
Ұйымдастырушы Айгерім Құсайынқызы
LLM, Phd кандидат “Әлеуметтік және гендерлік зерттеулер” орталығының зерттеушісі.
Айгерім Құсайынқызының айтуынша 2021 жылдан бастап саяси партияларда әйелдерге квота енгізген. Яғни кез келген сайлауға қатысты саяси партияның 30% әйелдер, мүгедектігі бар адамдар және жастар.
Дәл осындай мемлекеттік сатып алудада әйелдерге арналған квота керек. Бұл ұсынысты халықаралық әйелдердің форумында қазақстандағы өкілдер айтқан болатын. Яғни тендерге қатысушы әйелдерге 20,30% аралығында квота беру керек дейді,—Айгерім.
Жанар Оспанова
Осы зерттеу жобасы қандай мақсаттарды көздеді?
1. Гендерлік сипаттамаларды ескере отырғандағы 2023- жылғы мемлекеттік сатып алу порталындағы, қазақстанның барлық өңірлерінде, әкімдіктерде болған ашық конкурс тәсілі бойынша жүргізілген сатып алуларды біз зерделедік.
2. Тендерлік комиссиялардың құрамының гендерлік тиесілік дәрежесін зерттедік.
3. Гендерлік аспектілерді тексере отырғандағы тендерлік комиссия мүшелерінің тағайындалуындағы инклюзивті тетіктерді де қарастырдық.
Бұл мақсаттарға жету барысында қандай әдістеме қолданды?
Жанар Оспанованың айтуынша барлық жұмыс мемлекеттік сатып алу порталында жүргізілген.
Өздеріңіз білетіндеріңіздей мемлекеттік сатып алу порталы бұл ашық дерек көзі болып табылады, барлық құжат қолжетімді. Біздің қарастырған құжат бұл
хаттамалар,—дейді ол.
Конкурс хаттамаларында бізге керек барлық ақпарат болды.
Яғни тендерлік комиссия құрамы, әйел,
еркек, фамилия отчество деген сияқты.
Талдау обьектісі жергілікті атқарушы органдар болып табылды.
Талдаудың мәні ретінде әкімдіктердің басқармаларының конкурстарына қатысқан, жүргізген тендерлік комиссия құрамы болып табылды,— дейді Жанар.
Жанардың айтуынша Гендерлік теңдік аралық нәтижелер бойынша 20 облыстан 17 облыс 3 республикалық маңызды бар қалалар әкімдіктерімен қарастырылған.
Ішінде зерделенгені 15 тен артық болған.
Біз әр біреуіне кіріп хаттамалар қарастырдық.
20 өңірдің 260 комиссиясы талданды.
Бұл аса ауқымды емес себебі біздің критерия тығыз болды.
Себебі біз “ашық конкурс” тәсілі арқылы қарастырдық,— дейді ол.
260 комиссияның бөлінісі ішінде көбірек
Астана, Алматы, Павлодар ,Ақтөбе облыстары комиссиясы аз бірақ көрсеткіштер қатарынан сапалы болды.
Тендерлік комиссиялар ішінде әйелдер мен еркектер құрамындағы үлесті 69% немесе 764 орын ерлер алады екен.
Ал 31% ын немесе 395 орындар әйелдер үлесі.
20 өңірдің ішінде комиссияда гендерлік ара қатынас солтүстік өңірде көбірек.
Біз басқа өңірлердеде квота қарастыру, оқу жөнінде мәселелер, іс шаралар өткізу, политиканы қарастыру қажет деп ұсыныс білдіреміз,— дейді Жанар Оспанова.
Назым Жангазинова
Әйелдер және отбасылық — демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі, NazymPr агенттігінің
басшысы.
Назым Жангазинованың айтуынша гендерлік теңдік өзімізден басталады.
Өзімді айтатын болсам бүгінгі таңда өз агенттігім бар және менде 80% жұмыс жасайтын қыздар, әйелдер.
Себебі кей жерлерде әділетсіздікті көре отыра мен осы дисбалансты өз агенттігімде орнатқым келді,—дейді Назым.
Назым қоғамдық негізде вице президент болып жұмыс жасауда, біздің федерацияда басшылықта 50% әйелдер
50% еркектер яғни бізде гендердік баланс бар, мен қай жерде жүрсемде гендерлік теңдік жайлы айтып қана қоймай оны жүзеге асырғым келеді,—дейді ол.
Өз басымнан өткен оқиғаларды ескере келе әйелдерге, қыздарға ешнәрседен қысылмауға, қорқыныш болмауына, қазіргі қоғамда дискриминация жоқ деп білуіне мотивация бергім келеді.
Гендерлік теңдік қазір шынымен бар, байқалады, іс жүзіндеде жүзеге асырылып жатыр.
Мысал келтірсек тіпті оңтүстік өңірлердің өзінде әйелге билік беруге, істі басқаруына мүмкіндік беріп жатыр,
статистика өсіп келе жатыр. Бір бірімізді осы тұрғыда қолдасақ, ақырындап біз көбейеміз деген сенім бар,— дейді Назым.
Ұлттық комиссия жұмысында да атқарылып жатқан жоба көп.
Алина Абдрахман “IT әйел” жобасы.
Биыл 1 айда жобаға 2000 әйел қатысқан. Көбісі ауылды жерде тұрсада үйде отырып сайт жасап үйренді.
Бұл керемет мүмкіндік және нәтиже.
Бізде тағы “Томирис” деген жоба болды.
Саясаткер әйелдерді, саясатта дұрыс шешім қабылдауына, ораторлық сөйлеп үйрену тұрғысынанда тренингтар өткіздік, осындай жобаларымыз көп іске асырылып жатыр, — дейді Назым Жангазинова.
Аякөз Хатенова
MBA, макроталдаушы, PHD кандидаты.
Аякөз Хатенова “Ашықтықтан теңдікке дейін» атты гендерлік форумында билікте ірі кәсіпкерлікті тек ер адамдарымен байланыстыратынына тағы бір рет көз жеткізгенін айтады.
Гендерлік теңдікті қалау — әйел мен еркек арасындағы күш сынасу, бірін бірі бәсекелес көру, басып озу үшін өз мәртебесін алға тарту емес.
Экономикалық, әлеуметтік мүмкіндігі мен құқықтың адам ретінде тең болуын қалау,— дейді ол.
Әйел мен ер физикалық, тұрғыда теңесе алмайтыны айдан
анық, бірақ физикалық тұрғыда бір еркекпен басқа бір еркектің де күші тең емес.
Бүгін «Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия» өкілі: біз ұлттық құндылықтарды дәріптейміз деді.
«Ұлттық, құндылық» деген ұғым кейінгі кезде тым бұрмаланып, девальвацияға ұшырауда. Сол себепті
комиссия жалпы адамзатқа ортақ, құндылықтарды
дәріптесе, дұрыс ұлттық теңдікке әркім өзі-ақ оралады.
Форумда бірен-саран ғана жігіттер болды, негізгі масса — әйелдер, қыздар. Мейлі, бастысы өз
арамызда ынтымағымыз мықты болсын,—дейді Аякөз.
Форумда алға қойылған алғашқы тақырып, Феминистер ретінде консепцияны өзгерту.
Үйде отырған бала бағу, үй тазалау, үйдегі бар жағдайды жасау деген әйел жұмысын мемлекет ретінде ескеру, Форум спикерлері әйел азаматтарының жасап отырған жұмысын қара жұмыс ретінде көрмей, жағдайды жақсарту қажеттігін алға тартып, әйелдер саясатқа келгенде осыныда алға қойған жөн екенін жеткізді.
Патриархалдық қоғам әйелдерді үй шаруаларымен ғана шектейді, бұл жұмыстарды олар күнделікті, ғасырлар бойы тегін жасайды.
Бірақ ол жерде бала тәрбиелеу әлеуметтік жұмыстар бойынша ақша пайда болса, қарастырылса ол ер адамныңда жұмысы болып кетер еді.
Сөйте тұра олар гендерлік жобаларда теңдікті талап етеді, бұл әділетсіздік деп есептейді форум спикерлері.
Саурбаева Назым
ХҚТУ-дың 4 курс студенті