Мемлекет басшысының мектептерде 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамту туралы тапсырмасына сәйкес, өңірдегі мектеп асханаларында бастауыш сынып оқушылары бір реттік ыстық тамақпен толықтай қамтамасыз етілген. 2024 жылы тегін тамақтану құқығына ие 220 920 оқушы (1-4 сынып оқушылары 160 227, осал топ отбасы балалары 60 693).
Түркістан облысы бойынша қадағалауда 1062 мектеп, 21 интернат ұйымдары бар. Оның 829 мектеп асханасымен, 37 буфетпен, 56 кейтеринг қызметімен қамтамасыз етілген.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасымен қадағалаудағы барлық мектеп асханаларына бақылау-парағына сәйкес мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, қыркүйек айының 10-нан бастап бүгінгі күнге дейін 969 мектеп асханасы (808 мемлекеттік, 161 жекеменшік), 56 кейтерингтік қызметі, 37 буфет бақылау-парағына сәйкес мониторингпен қамтылғандығы туралы Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Нұрбек Нышанов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.
Брифингте тамақтануды ұйымдастырудың нормалары туралы атап өтілді: Жалпы барлық білім, беру және тәрбиелеу нысандарындағы бірыңғай ас мәзірін Түркістан облысы білім басқармасымен (бракеражды комиссия құрамы) бекітіледі. Білім беру объектілерінде тамақтану сапасын мерзімдік бағалауды бракераждық комиссия жүргізеді, оның құрамы медицина қызметкерін, әкімшілікті, өндіріс меңгерушісін және ата-аналар комитетінің өкілін міндетті түрде қоса отырып, объект басшысының бұйрығымен айқындалады. Ал, күнделікті ас мәзірі ұйымның басшысы, медбикесі, диетбикесімен бекітіледі.
Сондай-ақ, тәрбиелеу және білім беру объектілерінің қоғамдық тамақтану ұйымдарында қуырылған жұмыртқа, фаст-фудтарға, окрошка, майонез, кетчуп, кириешки, чипсы, газдалған сусындар, саңырауқұлақтар, кремі бар кондитерлік өнімдер, күрделі салаттар дайындауға және өткізуге жол берілмеуі керек.
Персоналдың жеке бас гигиенасын сақтау, таза арнайы киімді, аяқ киімді және жеке қорғаныш құралдарын кию қамтамасыз етіледі және арнайы киімдерді сақтау үшін арнайы жеке шкафтардың болуы міндетті. Сонымен қатар, персоналдың жеке бас гигиенасын сақтау үшін арнайы қол жууға арналған 1 раковина, жеке 1 санитариялық тораптар, 1 себезгі бөлмесімен қамтамасыз етілуі тиіс.
Барлық мектеп асханаларында өндірістік бақылау бағдарламасы ұйымдастырылу керек.
Нышанов Нұрбек Садықбекұлы
ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы