13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 50 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

4 декабря, 2024
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 50 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын іске асыру бойынша елімізде «Жайлы мектеп» жобасы аясында ауқымды жұмыстар қолға алынып жатыр. Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес Түркістан облысында мектеп тапшылығы мәселесін шешу мақсатында биыл 50 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 29-ы «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынуда. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сарыағаш ауданында бой көтеріп жатқан жайлы мектептердің жай-күйімен танысты. Жауапты басшыларға, мердігерге нақты тапсырмалар берді.

Сарыағаш қаласы, «Телемұнара» шағынауданында салынып жатқан жайлы мектептің құрылысы биыл сәуірде басталған. Оның конкурстық құны – 5,1 млрд теңге. Мердігер – «АРТ-Құрылыс» ЖШС. Бүгінде 900 орындық жайлы мектептің құрылыс алаңында 45 адам жұмыс істеп жатыр. Қазір нысанның шатырын жабу жұмыстары атқарылуда. Ғимараттың ішкі сылақ жұмыстары аяқталып, әрлеу жұмыстары басталған. Ішкі электр, жылу, ауыз су, ішкі желдету жүйелерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Еденнің бетон құю жұмыстары аяқталған. Нысанның 1, 2, 3 қабаттарының терезелері орнатылған.

Сонымен қатар, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылдық округіндегі 900 орындық мектептің де құрылысын қадағалады. «Жайлы мектеп» жобасы арқылы бой көтерген білім ұясының құрылыс нысанында 155 адам жұмыс істеуде. Бүгінде нысанның ішкі әрлеу, сантехникалық және электр желілерін тарту жұмыстары жүргізілуде. Нысанның 1-ші қабатының сыныптарына жарықшамдары орнатылуда, сыртқы фасад, ішкі бояу, едендеріне линолиум төсеу, сыртқы қоршауын орнату жұмыстары қарқынды. Мектептің шатырын жабу жұмыстары толығымен аяқталып, сыртқы абаттандыру жұмыстары атқарылуда. Балалар ойын алаңшасы салынуда. Нысанды осы жылдың соңына тапсыру жоспарланып отыр.

Previous Post

ЖОЛДАУ: САРЫАҒАШТА 22 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ҚОЛҒА АЛЫНБАҚ

Next Post

МЕКТЕП АСХАНАЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі