13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Нұрлы жер» бағдарламасы жоспардан тыс орындалды

29 января, 2021
in Жаңалықтар
0
«Нұрлы жер» бағдарламасы жоспардан тыс орындалды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында биыл барлық қаржыландыру көздері есебінен 650 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілмек. Өткен жылы 600 мың шарты метр тұрғын үй тапсыру жоспарланып, жыл қорытындысы бойынша облыс тұрғындары 750 мың шаршы метрге жуық баспанамен қамтамасыз етілді. 6000-нан астам отбасында қоныс тойы тойланды. Осылайша былтыр «Нұрлы жер» бағдарламасы 125 пайызға жоспардан тыс артық орындалды.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Түркістан қаласындағы 12 көпқабатты үйдің құрылысы аяқталып, 660 отбасы пәтер алды. Олардың ішінде баспана кезегінде тұрған азаматтар мен несиеге алған тұрғындар бар. Сонымен қатар, Түркістан қаласы әкімшілік іскерлік орталығында жаңадан 7, 9 және 12 қабатты  65 тұрғын үйлердің құрылысын жүргізілуде. Тұрғын үйлердің құрылысы биыл толық аяқталады.

Облыстық құрылыс басқармасының мәліметінше, өткен жылдың қорытындысы бойынша, баспанаға мұқтаж кезекте тұрған 800-ге жуық отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Атап айтқанда, Кентау қаласы – 600 пәтер, Түлкібас – 24 пәтер, Шардара – 80 пәтер, Сарыағаш – 90 пәтер пайдалануға берілді.

Бұдан басқа, аудан, қалаларда көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету үшін екінші деңгейдегі нарықтан мемлекеттік бюджет есебінен 400-ге жуық пәтер сатып алынды. Жыл қорытындысы бойынша барлық баспаналар өз иелерін тапты.

Сонымен қатар, жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген 2617 жер телімдеріне су, электр және газ құбырлары толық тартылды. Бұл облыс көлемінде жер кезегінде тұрған азаматтарға бөлінді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту үшін нақты жұмыстар жалғасуда.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкент: «Жастар» бағдарламасы бойынша 300 пәтер қарастырылған

Next Post

Түбіртек бермегендер туралы хабарласаңыз 1000 теңге сыйақы аласыз

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі