13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: «Жастар» бағдарламасы бойынша 300 пәтер қарастырылған

29 января, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент: «Жастар» бағдарламасы бойынша 300 пәтер қарастырылған
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте «Жастар» бағдарламасы сатып алу құқығынсыз тұрғын үйді жалға беру бойынша 25-27 қаңтар аралығында 3 648 өтінім келіп түсті.

Қалалық тұрғын үй басқармасы 2021 жылдың 4-ші ақпан күні сағат 00:00-ден бастап 24 сағат ішінде берілген өтінімдердің қатесін түзету үшін құжаттарды қайта толықтыруға мүмкіндік беріп отыр.   Ол үшін shymkent-baspana.kz ақпараттық жүйесінде ашылған жеке кабинетке керекті құжатты қайта жүктеуге болады. Сала мамандары азаматтардан тіркеген құжаттарды қосымша тексерулерін сұрайды.

Ескерту: Бұл күні жаңадан өтінімдер қабылданбайды. Тек берілген өтінімдердің қатесі тексеріледі.

Қазіргі таңда тапсырылған құжаттарды зерделеу мен бағдарлама талаптарына сәйкестігін тексеру жұмыстары жүргізілуде. Конкурс нәтижесі 15 наурыз күні анықталып, пәтер алушылармен келісім-шарт жасалады. Тұрғын үйлер сатып алу құқығынсыз 5 жыл мерзімге жалға беріледі.

Тұрғын үй басқармасының дерегінше бағдарлама талаптарына сәйкес келмейтін азаматтардан да өтінім түскен. Олардың өтінімдері кері қайтарылады.

Өтінімдер:

-Жұмыс істейтін және 29 жасқа толмаған;

-Шымкент қаласында соңғы 2 жылда тұрақты тіркеуде тұрған;

-Қазақстан Республикасы аумағында тұрғын үйге соңғы 2 жылда меншік құқығы тіркелмеген;

-Ай сайынғы табысы 40 АЕК (116 680 теңге) кем емес жастардан қабылданады.

Айта кетейік: Шымкентте жастарға жалдамалы тұрғын үй үлестіруге бұл жолы 300 пәтер қарастырылып отыр. Баспаналар «Жаңа Тұрлан», «Тұран» және «Асар 2» шағынаудандарынан беріледі.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзжастарШымкент
Previous Post

Сайлауалды бағдарлама Түркістан өңірінің дамуына тың серпін береді

Next Post

«Нұрлы жер» бағдарламасы жоспардан тыс орындалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі