13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түбіртек бермегендер туралы хабарласаңыз 1000 теңге сыйақы аласыз

29 января, 2021
in Жаңалықтар
0
Түбіртек бермегендер туралы хабарласаңыз 1000 теңге сыйақы аласыз
Share on FacebookShare on Twitter

Түбіртек бермегендер туралы хабарлаған қазақстандықтар 1000 теңге көлемінде сыйақы алады.

Бұл жобаны жүзеге асыруға 2021 жылдың өзіне  бюджеттен 63 мың доллардан астам қаржы бөлінуі тиіс.

Бұл туралы 13kz ақпарат агенттігі Sputnik.kz ке сілтеме жасап хабарлайды. Түбіртек берілмегені туралы ақпаратты жолдаған азаматтарға 1000 теңге көлемінде сыйақы төленбек. Қаржы министрлігіндегілер жобаның ережесінде ресми сайтқа жариялап қойған. Құжатқа сәйкес, заңбұзушылық фактісі расталған жағдайда ақпарат таратқан адамға 1 000 теңге төленеді.

Хабарлама мемлекеттік кірістер жөніндегі аумақтық органдарға жіберілуі тиіс. Ол үшін ұялы телефондағы қосымшаны пайдаланып немесе жазбаша арыздануға да болады. Хабарлама жіберу үшін міндетті түрде төмендегі ақпарат болуы шарт:

*                 болған жайтты растайтын видео дәлел;

*                 жеке кәсіпкерлік субъектісін анықтауға болатын ақпарат (нысанның мекен-жайы, атауы, сауда орнында орналасқан жері (қабат, бутик нөмірі), базардағы орны);

*                 өтініш берушінің аты-жөні, жеке сәйкестендіру нөмірі.

Көрсетілген талапқа сай келмейтін хабарламалар мүлде қарастырылмайды, -дейді жауаптылар.

Ал түбіртек бермеген жағдай расталса, кәсіпкерді әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 284-бабына сәйкес («бақылау-кассалық машинаны қолдану тәртібін бұзу») жауапқа тарту көзделген. Бұл бап бойынша ескерту жасалады. Ал жағдай қайталанса, бизнес өкілі айыппұл арқалайды

 

Previous Post

«Нұрлы жер» бағдарламасы жоспардан тыс орындалды

Next Post

Анасының денесін 10 жыл бойы мұздатқышта сақтаған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі