2021 жылдың 23-24 қаңтар күндері Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстарындағы облыстық және республикалық маңызы бар автожолдарда қар құрсауынан 64 адам (оның ішінде 8 бала) құтқарылды, 37 жеңіл және жүк автомашинасы шығарылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.
Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге ТЖ департаменттерінің, республикалық жедел-құтқару жасағының, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Сонымен қатар, Алматы облысында 2 іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп, 3 адам құтқарылды. 23 қаңтар күні күндіз Алакөл ауданында, Қабанбай ауылынан 50 шақырым жерде ТЖД күші 1975 жылы туған адамды іздестіру жұмыстары жүргізілді, ол 22 қаңтарда «Капсалямова» шаруа қожалығына «Газ-53» автокөлігімен мал қарауға шығып, оралмаған. Кешкісін ТЖД іздеу тобы «Капсалямова» ШҚ аумағынан табылып, Қабанбай ауылына жеткізілді. Сонымен қатар, 22 қаңтар күні кешке Ақсу ауданы Үлгілі ауылының маңында мал жайып жүріп, жоғалып кеткен 1959 жылы туған бақташыны іздеді. 23 қаңтар күні таңертең ТЖД іздеу тобы ауылдан 8 шақырым жерде бақташы табылып, құтқарылып, «Әділет» шаруа қожалығына жеткізілді.
Жалпы, 2020-2021 жылдардағы қысқы кезеңнің басынан бері ел тұрғындарына «112» телефон нөмірі бойынша 2 040 СМС-хабарлама, «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы 678 хабарлама жіберілді. Елімізде 651 рет дауылды ескерту жарияланды. Еліміздегі республикалық маңызы бар автожолдар 28 рет жабылып, 34 рет шетеу қойылды.
Алайда, осы ескертулерге қарамастан, адамдар жолға шығып, қар құрсауында қалған жағдайлар болды. Осылайша, қар құрсауынан 204 адам, оның ішінде 14 бала құтқарылды. 186 адам, оның ішінде 5 бала эвакуацияланды. Құтқарушылар қар құрсауынан 57 автокөлікті шығарды.
Қажет болған жағдайда әкімдіктер қар құрсауында қалған адамдар үшін жылыту пункттерін ұйымдастырады. Бұдан басқа, қажет болған жағдайда республикалық маңызы бар автожолдарда орналасқан Төтенше жағдайлар министрлігінің 40 трассалық медициналық-құтқару пункті жылыту пункттері ретінде пайдаланылады.
Қысқы маусымда көлікпен алыс жолға шықпас бұрын, міндетті түрде ауа-райы болжамын қарау қажет.
Егер қатты боран болса, сіз жол кептелісіне түсіп қалуыңыз мүмкін. Тіпті жол-көлік оқиғасынада тап болуыңыз ықтимал.
Егер Сізге қандай да бір елді мекенге шұғыл бару қажет болса, межелі жерге кедергісіз жету үшін темір жол көлігін пайдалануды ұсынамыз.
Егер Сіз осы қарапайым нұсқауларды орындасаңыз, бұл боран кезінде және бораннан кейін аман қалуға көмектеседі.
https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/150680?lang=kk