13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЕЛІМІЗДЕ ЭЛЕКТР ТАПШЫЛЫҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

12 сентября, 2024
in Жаңалықтар
0
ЕЛІМІЗДЕ ЭЛЕКТР ТАПШЫЛЫҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ
Share on FacebookShare on Twitter

​Қоғамдағы түйткілді мәселелерді талқылауға арналған «TALQYLAU» диалог алаңында АЭС салудың тиімділігі бойынша сарапшылар пікір алмасты. ҚР Энергетика министрлігінің Ядролық физика институты бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Ермаков Евгений Леонидович, Зерттеу реакторы кешенінің бас инженерінің орынбасары Бекбаев Асхат Қауысұлы және техникалық ғылымдар кандидаты, энергетика кафердарысың доценті Ильясов Рамиль Махмудович атом энергетикасына қатысты түрлі сұрақтар бойынша нақты жауап беріп, егжей-тегжейлі түсіндірді.
​
Сарапшылар Қазақстан энергетика секторын трансформациялаудың маңызды кезеңінде тұрғанына тоқталып, жыл сайын күрделене түсетін электр энергиясының тапшылығы бойынша дәйектер келтірді. Сондай-ақ көмір мен мұнай сияқты дәстүрлі ресурстар таусылып жатқандықтан, тұрақты энергия көздеріне назар аударатын кез жеткендігін және қазіргі жаңа реакторлар қауіпсіздіктің жоғары деңгейімен және апаттық жағдайлардың минималды қаупімен ерекшеленетіндігіне тоқталды.

— ⁠- Энергетика министрлігінің болжамдары бойынша 2035 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясын тұтыну 152,4 млрд кВт/сағ құрайды деп күтілуде. Бұл ретте жұмыс істеп тұрған электр станциялары небәрі 135 млрд кВт/сағ қамтамасыз ете алады. Бүгінде электр қуатының тапшылығын Ресейден келетін ағындар жауып отыр. Бұл энергетикалық тәуелділікке және елдің энергетикалық нарығының қауіпсіздігінің төмендеуіне әкеледі. Елімізде 148 жаңартылатын энергия көзінің орнатылғанына қарамастан, олардың қуаты тұрақты энергиямен қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз. АЭС тұрақты энергия беруді қамтамасыз ете алады және тапшылықты өтей алады, — деді Евгений Леонидович.
​
Асхан Қауысұлы Қазақстанда АЭС тақырыбына сақтықпен қарайтын көзқарас қалыптасқанын айтып, бұл қорқынышты объективті фактілер арқылы жоюға болатынын жеткізді.

— ⁠- Біріншіден, атом электр станцияларын салу және пайдалану кезіндегі қауіпсіздік бірінші кезектегі мәселе. АЭС құнының 40%-ы қауіпсіздік жүйесіне бағытталады. Екіншіден, Қазақстан технологиялық жағынан әлдеқайда алға кеткен III және III+ буынды атом электр станцияларын салатын болады. Мысалы, Чернобыль атом электр станциясы 1977 жылы, Фукусима АЭС 1971 жылы салынған болатын. Үшіншіден, статистикаға сәйкес, атом электр станцияларында 10 миллион жылда бір ғана ауыр апат болуы мүмкін. Бұл ретте көмір жылу электр орталықтарындағы жарылыс ықтималдығы 80 есе жоғары, — деді ол.
​
Сондай-ақ Рамиль Махмудович атом электр станцияларының дәстүрлі көмір және газ электр станцияларынан айырмашылығын назарға алып, энергия өндіру кезінде атмосфераға көмірқышқыл газын шығармайтынын айтты.

«TALQYLAU» алаңында жиналған Халықтық Штаб мүшелері, «Amanat» «Respublika», «Ақ жол», «Қазақстан Халық» партиясының өкілдері, қалалық қоғамдық кеңес төрағасы және жастар қауымы сарапшыларға сауалдар қойып, еркін пікір алмасты.

 

Previous Post

МЕКТЕП АСХАНАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Next Post

АЭС қауіпсіздігі: Жаңа стандарттар мен регуляциялар

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі