13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АЭС қауіпсіздігі: Жаңа стандарттар мен регуляциялар

12 сентября, 2024
in Жаңалықтар
0
АЭС қауіпсіздігі: Жаңа стандарттар мен регуляциялар
Share on FacebookShare on Twitter

Атом электр станциялары-энергия өндірудің заманауи және тиімді тәсілдерінің бірі. АЭС-тер радиациялық энергияны электр энергиясына айналдырып, әлемнің көптеген елдерінде энергия тапшылығын шешуге көмектеседі. Қазақстан үшін де АЭС салу мәселесі маңызды болып табылады. Себебі, АЭС тұрақты қуат өндіре алады, бұл электр энергиясына деген сұранысты үздіксіз қамтамасыз етеді. Атом энергиясы жаңартылатын энергия көздерімен (жел, күн) бірге, энергетикалық тұрақтылықты арттыруға мүмкіндік береді. Экономикалық тиімділігіне келетін болсақ АЭС-тің жұмыс істеу мерзімі ұзақ, ал отынның бағасы салыстырмалы түрде тұрақты болып келеді. Бұл электр энергиясының бағасын төмендетуге мүмкіндік береді. Ал энергетикалық қауіпсіздік бойынша АЭС елдің энергетикалық тәуелділігін азайтады. Бұл халықаралық нарықтағы өзгерістерге төзімділікті арттырады. Сонымен қорыта келгенде Қазақстанның энергетикалық балансы мен ресурстық мүмкіндіктері АЭС салуды талап етеді. Елде энергияға деген сұраныс өсіп келеді, ал дәстүрлі энергия көздерінің қорлары шектеулі. АЭС салу Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға, экологиялық проблемаларды шешуге және экономикалық дамуды қамтамасыз етуге көмектеседі. Қазақстан үшін АЭС салу мәселесі жауапты әрі стратегиялық шешім болып табылады. АЭС-тің экологиялық таза және тұрақты энергия көзі ретіндегі әлеуеті еліміздің энергетикалық саясатын жаңғыртуға және оның дамуына оң әсер етуі мүмкін.

Нұржігіт Тұманбаев

журналист

Previous Post

ЕЛІМІЗДЕ ЭЛЕКТР ТАПШЫЛЫҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

Next Post

«Шексіз бауырластық-III» оқу-жаттығуына алты елдің арнайы мақсаттағы бөлімшелері қатысуда

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі