13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан Сыртқы істер министрі Қатар Елшісін қабылдады

4 сентября, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстан Сыртқы істер министрі Қатар Елшісін қабылдады
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қатардың Қазақстандағы Елшісі Абдулла Хусейн Джаберді қабылдады.

Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ аса жоғары және жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесін талқылады.

Сондай-ақ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ү.ж. ақпанда Қатарға жасаған мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды, оның ішінде ірі инвестициялық жобаларды тиімді жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

Сұхбат соңында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екендігін растады.

Қазақстан-Катар қарым-қатынастары жоғары деңгейдегі белсенді байланыстармен ерекшеленеді.

2024 жылғы  13-14 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев Қатар Мемлекетіне мемлекеттік сапармен барып, Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді.

2023 жылғы 5 қазанда Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары талқыланды.

2023 жылғы 7-8 маусымда Қатар Әмірі шейх Т.Әл Тани Астана халықаралық форумына қатысу аясында Қазақстанға жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында екі елдің мемлекет басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту бойынша бірқатар мәселелерді талқылады.

2022 жылғы 12-13 қазанда Қатар Әмірі шейх Т. Әл Танидің Қазақстанға мемлекеттік сапары өтті. Сапар нәтижесінде үкіметтік және ведомствоаралық деңгейде 12 екіжақты құжатқа қол қойылды. Мемлекет басшысы Катар Әміріне Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденін табыс етті.

2022 жылғы 21-22 маусымда Мемлекет басшысы Қатар Әмірінің шақыруымен II Катар экономикалық форумының жұмысына қатысты. Сапар барысында Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Т.Әл Танимен келіссөздер жүргізді.

2022 жылғы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті мен Қатар Әмірі телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Қазақстан Республикасының Президенті Катар Әмірін жаһандық ауқымдағы оқиғаға айналған футболдан әлем чемпионатының тамаша ұйымдастырылуымен құттықтады. Әңгімелесушілер екіжақты, ең алдымен, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты нығайту перспективаларын жоғары бағалады. 2023 жылғы 20 желтоқсанда Дохада Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Бақаев пен Сыртқы істер министрлігінің Бас хатшысы А.Әл-Хаммадидің тең төрағалығымен Қазақстан-Катар саяси консультацияларының 2-ші раунды өтті. Саяси консультациялар барысында тараптар екі мемлекет басшыларының өзара сапарларының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру, оның ішінде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері қарастырылды.

2023 жылғы 2-3 қазанда Дохада Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.Жұманғарин мен Қатар сауда және өнеркәсіп министрі шейх М.Әл Танидің тең төрағалығымен жоғары деңгейдегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 6-шы отырысы өтті.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша екі ел делегацияларының басшылары инфрақұрылым, жаңартылатын энергия көздері, әуе қатынасы, ауыл шаруашылығы, азық-түлік технологиясы, туризм, жоғары білім және медицина салаларындағы ынтымақтастық бағыттарын бекіткен хаттамаға қол қойды.

2023 жылғы 22-24 мамырда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Смайылов III Катар экономикалық форумының жұмысына қатысты. Сапар барысында Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен, Премьер-министр-Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммад Абдулрахман Әл Танимен, сондай-ақ Qatar Investment Authority және Power International Holding басшылығымен келіссөздер жүргізді.

2023 жылғы 15 желтоқсанда XXI Доха форумы аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі А.Қуантыров Қатар Сауда және индустрия министрі шейх М.Әл Танимен және Қаржы министрі А. Әл-Куваримен кездесті.

2023 жылғы 12 желтоқсанда Түркістан облысының әкімі Д.Сатыбалды Катарға іссапармен барып, оның барысында Катарға ет өнімдерін импорттайтын Widam Food Company және Kowkabet Al Sharq компанияларының басшыларымен кездесу өтті.

 

 

Previous Post

Қазақстан СІМ-де АҚШ-тың Ауғанстандағы дипломатиялық миссиясының басшысын қабылдады

Next Post

Қазақстан мен БҰҰ АТМЭӘК цифрлық трансформация перспективаларын талқылады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі