13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан мен БҰҰ АТМЭӘК цифрлық трансформация перспективаларын талқылады

4 сентября, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстан мен БҰҰ АТМЭӘК цифрлық трансформация перспективаларын талқылады
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ Азия және Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (БҰҰ АТМЭӘК) Атқарушы хатшысы Армида Алисжабанамен кездесу өткізді.

Кездесу А. Алисжабананың 2024 жылғы 3-5 қыркүйекте Қазақстан елордасында өтіп жатқан Цифрлық инклюзия және трансформация жөніндегі Азия-Тынық мұхиты министрлік конференциясына қатысу үшін Астанаға сапары аясында өтті.

Тараптар бірлескен перспективалық жобаларды, оның ішінде серіктес елдермен инновациялық технологиялар саласында тәжірибе алмасу мақсатында Алматыда БҰҰ АТМЭӘК Цифрлық шешімдер орталығын құру жөніндегі Қазақстанның бастамасын талқылады.

А. Рахметуллин бастапқы кезеңде Қазақстан Комиссияға мүше мемлекеттермен 20-дан астам нақты цифрлық шешімдермен бөлісуге дайын екенін атап өтті.

Сұхбаттастар өңірлік ауқымды қоса алғанда, экспорттық транзиттерді әртараптандырудың көліктік-логистикалық байланыстарын дамыту мәселелеріне жеке тоқталды.

А. Алисжабана өңір елдері арасындағы цифрлық саладағы ынтымақтастықты нығайтудағы Қазақстанның рөлін атап өтті. Ол еліміздің кең Еуразиялық кеңістіктегі транзиттік-көліктік әлеуетін дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Кездесу нәтижесі бойынша тараптар өңірлік ынтымақтастықты нығайту үшін бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.

Цифрлық инклюзия және трансформация жөніндегі Азия-Тынық мұхиты министрлік конференциясында цифрлық технологияларды тұрақты даму, теңсіздікті азайту және адамдардың мүмкіндіктерін кеңейту үшін қалай пайдалануға болатынын талқылау үшін цифрлық технологиялар министрлері, халықаралық ұйымдардың өкілдері және бүкіл өңірдегі технология сарапшылары жиналды.

 

Previous Post

Қазақстан Сыртқы істер министрі Қатар Елшісін қабылдады

Next Post

Көкпарда аттың да күші сыналады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі